Новости на Newstaraz.

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

newstaraz.kz
Жалғас Сандыбаев. Фото: NUR.KZ

Ақтөбеге арнайы келген бірнеше дінтанушы өңірде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірнеше кездесу жасап үлгергенін айтқан олар сақалын қиып, балағын ұзартып, адасқан ағымда жүрген «діни зомбилар» жасырын сипат алып бара жатқанын ашып айтты.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

«Қазір жұмыс кезінде байқағанымыз, адасқан вахабизмде жүргендер жасырын болып бара жатыр. Олардан бұрын келте шалбар байқалса, қазір шалбарларын ұзарта бастаған сияқты. Әбу Ханифа мәзхабын ұстанып жүрміз деп айтатындар бар. Бірақ олар дәстүрді жоққа шығарып, жасырын көзқарасқа кетіп бара жатқандай. Бұрынғыдай ашық емес», — дейді дінтанушы Жалғас Сандыбаев.

Ақтөбеде қысқа шалбар мен сақал өсіруге құмар мектеп оқушыларының бар екені осыған дейін айтылған болатын. Дінтанушы қазір мектептегі діни түсініктің өзгергенін айтады. 7 — 8 ауданнан келген ақтөбелік мұғалімдермен кездескенін айтқан дінтанушы орамал мәселесінің өңірдегі оқушылар арасында өзекті болып тұрғанын жеткізді.

Похожие статьи

«Оқушылар қысқа балақ туралы айтып жатқан жоқ. Қазіргі түсініспектіктің көбі орамалға қатысты болып жатыр. Біз оларға Білім министрлігінің шығарған талабына бағыну керектігін түсіндірдік. Балаларға бала тілімен бір ізділіктің қажеттілігі туралы айтып жатырмыз», — дейді дінтанушы.

Ол бірнеше жылдан бері терактіден көз ашпаған Ақтөбе халқының намаз оқитындардың бәрінен шошынып қалғанын айтады.

«Байқағаным, халық аяқ тартып қалған. Намаз оқитындар мен орамал таққандарды көрсе қауіптенеді. Орамалдың түсі қандай, қалай оранған? Сақалды ата-бабалырымыз да қойған. Мүмкін ол сопы шығар деген түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Егер мемлекетке өкпелі болып, имамдардың беделін түсіруге әрекет жасап, ағайынымен қатынасын үзіп, көрінген адамды кәпір дейтіндерді адасқан деп айтамыз. Қалған уақытта бәрі Қазақстан азаматтары деп түсіндірдік. Сонымен қатар, өңірден имамның жетіспеушілігін байқадық», — деді Жалғас Сандыбаев.

Діни ахуалы ушығып тұрған Ақтөбе облысына Астанадан 200-ге жуық адам келіп, кездесулер өткізіп жатыр.  Қорғаныс министрлігінен, прокуратура өкілі, әскери полиция қызметкерлері дінтанушылардың кездесулеріне еріп жүр.

«Біздің арнайы бағытымыз бар: теріс ағымдарға өткен немесе өтіп жатқан жамағаттармен арнайы кездесулер болды. Оларды мекен жай бойынша үйлеріне барып кездесулер өтіп жатыр. Түрмеде отырғандармен де, әйелдермен де бөлек кездесулер өтті», — дейді Жалғас Сандыбаев.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »