Новости на Newstaraz.

Ақбота Сейітмағамбет үш баласы бар Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты (фото)

newstaraz.kz

Фото желідегі ашық дереккөздерден алынды

«Кешью» тобының атышулы әншісі Ақбота Сейітмағамбет үш баласы бар әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың атышулы «махаббат» хикаясы бүгінгі шоу бизнестегі қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі. Оған себеп, Ақботаның жеке парақшасына ақ орамал тағып, Дәуренмен бірге түскен мына суреті болды.

Желіге осы суретін жүктеген Ақбота аз уақыттан соң оны алып тастады. Алайда фото желіде лезде тарап кетті.

Фото әншінің желідегі парақшасынан алынды

Ақбота Сейітмағамбеттің есімі ел назарына «Гламур для дур» деп аталатын отандық кинокартинадан кейін түсті.

Желіде Дәуреннің Баянгүл есімді жары Ақботаны өзінің отбасының күл-талқанын шығарғанын жазған. Бұған куә болған желі қолданушылары Ақботаның үш баласы бар отбасының шаңырағын шайқалтты деп айыптап, жерден алып, жерге салған болатын.

Дәрен Айдарқұлов үш баласы және жарымен бірге

Кейіннен Ақботаның «Кешью» тобынан кететіні, сонымен бірге оның отбасылық жағдайына байланысты топтағы мансабы тоқтайтыны белгілі болды. Алайда ел арасында оның тұрмысқа шығуына байланысты кеткен деген сөз лезде тарап кетті.

Осыған орай, Ақботаның өзі отандық БАҚ-тың біріне сұхбат беріп, бұл әңгімелердің барлығы негізсіз екенін жеткізді. Оның айтуынша, оның сүйіктісінің шоу бизнеске еш қатысы жоқ.

Сонымен бірге, ол Дәурен өзінің отбасылық жағдайын өзі реттеп алсын деп те мәлімдеген болатын.

Көп ұзамай, денсаулығын қалпына келтірген Баян Есентаева да бұл шуға қатысты өзінің пікірін қосты. Ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Ақботаның аяғы ауыр екенін ашып айтты. Сонымен бірге оның күйеужігіті Баянға келісімшартты бұзғаны үшін айыппұл төлейтінін де жайып салған еді.

Похожие статьи

Ал жуырда көптен бері әлеуметтік желілерден көрінбей кеткен Ақбота Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізе бастады.

Фото әншінің желідегі парақшасынан алынды

Күні кеше өзінің желідегі парақшасына Дәуренмен түскен бірнеше суретін жүктеген әншіге желі қолданушылары наразылығын жасырмай, оларды аямай сөгіп тастады.

Ақбота Сейітмағамбеттің менеджері Даяна болса, әншінің жеке мансабын қолға алғанын жеткізді. Оның айтуынша, ол қазір ән жазу үстінде. Үш айдан соң әншілікке қайта оралатын Ақбота жуырда елді таң қалдырады деп хабарлады ол. Ал әншінің жеке өміріне қатысты ол қандай да бір пікір айтудан бас тартты. Ол әншінің сұхбат бермейтінін де тілге тиек етті.

Ал әншінің өзі желі қолданушыларының қаһарлы пікірлеріне қатысты желідегі парақшасында үн қатты.

«Шындықты білмей жатып, балағат сөздер айтып, жандарыңыз тыныштық тауып жатқан шығар?! Бәрі өз уақытымен», — деп жазды ол.

Дегенмен, NUR.KZ порталына сенімді дереккөздің хабарлауынша, әнші Дәуреннің тоқалы болмақ.

Фото желідегі парақшадан алынды

Ал Дәурен Айдарқұлов бұл шуға қатысты жұмған аузым ашпай отыр. Отандық БАҚ-дың біріне бұдан екі жыл бұрын берген сұхбатында ол жұбайы Баянгүлмен 2007 жылы отбасын құрғанын айтқан. Қазір олардың үш баласы бар.

Үлкен қызы Аяжан 8 жаста, ұлы Абдурахман 4 жаста. Сұхбатында ол әйелінің сұлулығына тәнті болғанын және өзін нағыз әке санайтынын да айтқан.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »