Новости на Newstaraz.

АҚШ елшілерін Ресейден қумаған Путинді Трамп «өте ақылды адамға» теңеді

newstaraz.kz

Дональд Трамп

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің орыс дипломаттарын АҚШ-тан шығару туралы Вашингтонның шешіміне америкалық дипломаттарды Ресейден қуып жауап бермейтіні туралы шешімін мақтады.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Мәскеудің АҚШ дипломаттарын елден кетіруге асықпай, істің артын күтетіні туралы шешімін «тамаша қадам» деп атаған Трамп әрқашан Путинді «өте ақылды адам» деп санайтыны туралы Twitter парақшасына жазған.

Похожие статьи

Бұған дейін, жұма күні Ресей сыртқы істер министрінің 35 америкалық дипломатты елден шығару туралы ұсынысына Путин әдетте дипломатиялық тәжірибеде дереу қолданылатын қадамға бармай, біраз күте тұруды ұйғарғанын мәлімдеген.

Желтоқсанның 29-ы күні Вашингтон Ресейге қарсы енгізілген жаңа санкциялар аясында 35 ресейлік дипломатты АҚШ-тан шығару туралы шешім қабылданғанын жариялаған.

АҚШ билігі биыл елде өткен президент сайлауы кезінде жасалған компьютерлік шабуылдардың артында Ресей билігі тұр деп санайды.

Мәскеу өз атына айтылған айыптауларды жоққа шығарады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »