Новости на Newstaraz.

Ақтөбе облысында марқұмның алтын сырғасын ұрлап кеткендер елді шошытты

newstaraz.kz

Мәйітхана. Көрнекі фото: Voxpopuli.kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келген ауыл тұрғынының қан қысымы көтеріліп, ауруханада көз жұмды. Өлген адамның бағалы заттарының ұрланғаны туралы Instagram желісіне жарияланды. Онда әйелдің алтын сырғасы мен ақшасының жоғалып кеткендігі жазылған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Туыстары бұл ақпараттың сырғаға қатысты жерін ғана растап отыр.

Похожие статьи

«Денесін алып, оң жаққа салғанымызда сырғасы жоқ екенін байқадық. Құлағында бұрыңғының алтыны болды. Оны бірнеше жылдан бері шешкен емес. Кейін оны дәрігерлерге де, жұмысшыларына да барып айттық. Ешкім нәтиже шығара алған жоқ. Біреу алып қалып тұр. Үйде оны ешкім қозғаған жоқ», — дейді қайтыс болған әйелдің жолдасы Жайық Боранғалиев.

Халыққа қызмет көрсету орталығында денсаулығы нашарлап, кейін көз жұмған Гүлшара Боранғалиева Ойыл ауданының Көктоғай ауылында тұрған. 50 жастағы әйел адамның 4 баласы бар. Ол ХҚКО-на құжат жасату үшін келген.

«Қалай болғанын білмеймін. Маған өлгеннен кейін ғана хабар жетті. Халыққа қызмет көрсету орталығынан жедел жәрдем шақырылған. Ауруханаға апарған. Қайтыс болғаннан кейін мәйітханаға жіберген. Сол ортада сырға жоғалып тұр. Ақша жоғалған жоқ. Тек сырғаны таппай қалдық. Қайтеміз, ажалы келген шығар. Сырғаны жоқтап, біреумен соттасқалы отырған жоқпыз. Өлген адамның сырғасын шешкен адамда ұят болмаса, біз дауласқалы отырған жоқпыз», — дейді Жайық Боранғалиев.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »