Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатпайтындар көбейіп кетті

newstaraz.kz

Екпе. Көрнекі сурет. Фото: zn.ua

Ақтөбе облысында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалмаған балалардың саны артпаса, кемімей отыр деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Бұл мәселенің уақыт өткен сайын күрделеніп бара жатқанына аймақтағы дәрігерлер алаңдаулы. Инфекциялық аурулардың 10-нан астам түрінің алдын алатын екпеден ата-аналар ат тонын ала қашатын әдет тапқан.

«2300-дей баланың ата-анасы екпеге қарсы. Оған түрлі себеп бар. Басым көпшілігі діни сенімдеріне байланысты. Оның ішінде тек ислам дініндегі тұрғындар емес, йегова, католицизм ағымында жүрген тұрғындар бар», — дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанова.

Похожие статьи

Тап осы мәселені аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бүгінгі үкімет отырысында көтерді. Сәбилерді балабақша мен мектепке қабылдар алдында міндетті түрде вакцинация жасалғанын растайтын анықтама талап етілу керек.

Әкімнің ұсынысы осындай. Алайда, құзырлы министрлік өкілі, баланың ата-анасы қарсы болған жағдайда екпе жасатуға мәжбүрлей алмаймыз дегенді айтты.

«Біздің елде қабылданған стандарттарға сай бүкіл бала осы вакцинациядан өтуі керек. Мысалға, емдеу және диагностика жасау үшін біз науқастан келісім аламыз, операция болса да. Бұл жағдайда да біз балалардың ата-аналарынан келісім алуымыз керек», — дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »