Новости на Newstaraz.

Ақтөбедегі лаңкестер пәтер жалдаушымен «қызыммен демалу үшін үй керек» деп келіскен

newstaraz.kz

Ақтөбеде «Отрар» сауда үйінің үстіндегі тұрғын үйде көздері жойылған терракт ұйымдастырушылар екі күн бойы жалдамалы пәтерде тығылған. Қалада үш нысанға шабуыл жасап, атыс ұйымдастырғандар кешкілік мұздай болып киініп шығып, пәтер іздеген.

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

«Кешкілік сағат 11-ден кете екі бала келіп пәтер сұрады. Сөйлеген сөздері тым жақсы, таза киінген балалар. Келді де «Апа, бізге бір бөлмелі пәтер де жарайды. Ішінде су бар ма? Жуынайық деп едік» деді. «Иә, бар» дедім де, ақшаларын алып, қолдарына кілтті бердім», — дейді пәтер жалдаушы.

Ақтөбе вокзалы маңындағы пәтер жалдаушылар өздерінің лаңкестермен кездескеніне әлі күнге сене алмай отыр.

«Алғашында пәтерді бір күнге алды. Екінші күні тағы бір тәулікке қалатындарын айтты. «Онда ақшаларыңды төлей қойыңдар» деп үйге бардым. Ол төменге түсіп, үш мың теңгесін әкеп берді. Мен үйді бір қарап шыққым келген. Ол бала «Апа, үйде қызым бар, ол ұялады, кірмей-ақ қойыңызшы» деп қиылған соң, « жарайды» деп кетіп қалғанмын. Жап-жас, әдемі бала, сақал да жоқ. Сақалы барларға жоламаймыз, оларды пәтерге алмаймыз да. Пәтер жалдауға қаншама адам келіп жатады. Кейде тек қыз бен жігіт келіп пәтер жалдайды. Таңертең барсаң, ішінен 15 адам шығып тұрады. Алдап отырыс жасайтындар болады. Сондықтан оларды да қарап кеткім келген. Ол бала жалынып тұрған соң тек «Шуламаңдар, үйді шашпаңдар, отырыс жасамаңдар» дедім. Ол бала «апа, қайдағы отырыс» деп қалған. Мен бұлай боларын қайдан білейін», — дейді лаңкестерге пәтерін жалға берген тұрғын.

Похожие статьи

«Отрар» сауда үйінің үстіндегі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің қазіргі күні есігі мен терезесі бітелген. Тұрғындар пәтерге ішінде біреу қалып қойғандай үреймен қарайды.

«Жалға берген пәтерімнің ішін оқиға болғаннан бері көрген жоқпын. Қазір сыртының өзі адам шошырлық болып тұр. Оларды ұстайтын кезде үйге екі шағын жарылғыш зат тастаған. Ол жақтың астан-кестеңі шығып жатыр. Тым жақсы, жаман ойлауға көзің қимайтын балалар. Енді қазір олар өлді деп жатыр. Маған кімнің келгенін де білмеймін»,- дейді пәтер жалдаушы.

Сол үйдің тұрғындары оқиға болғанға дейін лаңкестердің бірі бұл үйде пәтер жалдап тұрғанын айтады.

«Осыған дейін Әлібек деген бала отбасымен пәтер жалдап тұрды. Әйелі орамал тағып, киініп жүреді. Бірақ оқиға болған күні олар көрінбей кетті»,-дейді сол маңдағы шағын дүкен сатушысы. Ал атысты көзімен көрген тұрғындар оқиғаны баяндауға қорқады. Сыбырласып сөйлесіп, қазір далаға шығудан қалғандарын айтады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »