Новости на Newstaraz.

Ақтөбедегі терактіге қатысы бар күдіктілердің ең кішісі 14 жаста болған

newstaraz.kz

Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттер — осыдан бес жыл бұрын жойылған радикалды топтардың «жарықшақтары». Олардың дайындықсыз шыққанын киім киісінен де анық байқауға болады.

Саясаттанушының ойынша, қылмыскерлер таңертең тұрғанда сол күні «жиһадқа» шығатындарын ойлаған да жоқ, деп хабарлайды Baq.kz.

«Кешегі тізімге іліккендердің басым бөлігі 24-25 жаста, ал ең кішісі 14 жаста болған. Олардың радикализациясы 2011-2012 жылғы оқиғалардың әсерімен еткен болуы керек. Одан кейін Сириядағы соғыс та ол жамағаттың іштей пісуіне әсер етті. Оны біздің зерттеуіміз де растап отыр», — деп жазды Е.Карин өзінің Facebook парақшасында.

Похожие статьи

Саясаттанушының айтуынша, Ақтөбедегі оқиғаларға қатысы бар кейбір қылмыскерлер бұрын істі болған. Олар қарақшылық пен ұрлық үшін қылмыстық жазаны өтеген. Ал біреуі адам өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан.

«Бұл дегеніміз, түрмелер экстремистерді шығаруды жалғастырып жатыр. Мәселен, 2012 жылы Францияның Тулуз қаласында мектеп оқушыларын атып тастаған Мұхаммед Мера бұрын қарапайым жігіт болды. Құрбы-құрдастарымен дискотекаға барып жүрді. Ал скутерді ұрлағаны үшін түрмеде отырып шыққаннан кейін түбегейлі өзгерді. Бостандыққа шыққан бойда Мысырға барды, одан ары қарай Тәжікстанға, сосын Пәкістанға жол тартты. Сол жақта Әл-Кайдаға қосылып кете барды. Екі айлық дайындықтан соң, еліне барып, мектеп оқушыларын қырып тастады. Жақында оның апасы мен ағасы Сирияға кетті», — дейді Ерлан Қарин.

Саясаттанушы Ақтөбеде лаңкестік жасаған топ мүшелерінің дайындықсыз шыққанын олардың киім киісінен анық байқауға болатыны жайында жазып отыр. Қариннің ойынша, олар таңертең тұрғанда сол күні «жиһадқа» шығатындарын ойлаған да жоқ.

«Абырой болғанда, қарақшылық шабуылдарға арнайы дайындығы бар өзін-өзі жаратын лаңкестер емес, ұсақ қылмыскерлер қатысты. Ендігі мақсат – сол экстремистердің дайындалған лаңкестер ұрпағы болып қалыптасуына жол бермеу. Демек, экстремизм мен терроризм ұзақ мерзімді тренд екенін жете түсінуіміз керек», — деп атап көрсетті Қарин.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »