Новости на Newstaraz.

Алматыда 11 жасар бала өгей әкесінің зорлап келгенін жайып салды

newstaraz.kz

Алматы тұрғыны да азаматтық некедегі күйеуін осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптады. Айтуынша, 11 жасар  ұлын бірге тұратын сол соқталдай жігіт зорлаған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Өгей әкесі оны жұмысқа көмектесуге алып кетіп, оңаша пәтерде ойына келгенін істеген көрінеді. Қазір осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатыр.

11 жасар  Серіктің айтуынша, оқиға 2 маусым күні мына пәтерде болған. Өгей әкесі өзі жөндеу жүргізіп жатқан пәтерге баланы «көмектесесің» деп алып келген көрінеді. Кейін мұнда келісімен жеткіншекке тиісе бастапты.

«Ол мені төсекке жатқызды. Шешін деді. Сосын ойына келгенін жасады. Қарсылық білдірдім. Бірақ ол мені қорқытты», — дейді 11 жасар бала.

Похожие статьи

Артынша күш жұмсады дейді жеткіншек. Болған жағдай туралы ешкімге тіс жармауын айтып, қоқан-лоқы да көрсеткенін айтады.

«Айқайладым. Бірақ ол аузымды жапты. Сол жағдайды видеоға түсіріп, ғаламторға жариялаймын деп қорқытты», — дейді ол.

Кейін бала бар жағдайды анасына айтып берген. Толқын Сейітқалиева күйеуінің 4 балаға алғашында ерекше мейірімділік танытқанын айтады. Сондықтан мұндай сорақы әрекетке барады деп ойламаған екен.

«Соңғы кездері ғана Серікке қайта-қайта ұрысып жүрді. Бала болған соң өгей әкесіне қарсы сөйлейтін кездері болды. Бір күн бұрын үстел басында балаға «Ертеңге дайындал» дегені анық есімде. Ол кезде осынша жауыздық жасайды деп мүлдем ойламадым», — дейді  Серіктің анасы Толқын Сейітқалиева.

Баласынан бар жағдайды естіп, төбе шашы тік тұрған Толқын бірден полицияға шағымданған. Бірден қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ өгей әке балаға жәбір көрсетті ме, жоқ па кесіп айту қиын дейді тәртіп сақшылары. Өйткені баланың сөзінен басқа дәлел жоқ. Ал айыпталған азаматтың өзі қолхатпен бостандықта жүр.

Қатты шошынып қалған ана мен бала енді ол жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Дегенмен полиция болған оқиғаны бастан-аяқ тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында 2 сараптама тағайындалған. Егер, айыпталушының расымен өгей баласын зорлағаны дәлелденсе біраз жыл бостандық көрмейтіні анық.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »