Новости на Newstaraz.

Алматылық кәсіпкер тойға келген қонақтарының барлығына 150 мың теңгеден таратып берді

newstaraz.kz

Фото: zamana.kz

Жаз маусымы – елдің ішінде тойдың көбейетін кезі. Біреу келін алып, екіншісі қыз ұзатып, үшіншісі бала сүндеттеп, төртіншілері мерейтойларын атап өтіп жатады.

Қызықшылығына кемінде 200-ден, тіпті 400 – 500-ден аса қонақ шақыратындар да жоқ емес. Ал тойға жұрт азды-көпті тойанасыз бармайды. Мұның бәрі белгілі жайлар. Дегенмен тойдың біз білмейтін қызықты жақтары да аз емес сияқты.

Бұл туралы Замана газетінің редакциясына хабарласқан Жақсымұрат есімді азамат айтып берді.

Похожие статьи

«Менің Алматыда үлкен кәсіпкер құдам бар. Той-жиындарда араласып тұрамыз. Жуырда сол кісі қызын астаналық бір шенеуніктің ұлына ұзататын болыпты деп естідік. Тойға бұл жақтан көп адамды шақырмапты деген сөзді де құлағымыз шалып жүрді. Бірақ өзі ештеңе айтқан жоқ еді. Жуырда құдамыз қаладағы бір тойханаға 200-дей ағайын-туыс пен құда-жекжаттарды шақырып, құран оқытып, ас берді. Мен жұмыстармен бара алмай, құдайыға қарындасым қатыс­ты. Осы жиында сөз алған құдамыз көпшілікті Астанадағы тойға шақыра алмайтындықтарын білдіріп: «Осында баталарыңызды ал­ғанды дұрыс көрдім», – депті. Мұны естіген біреулер тойана береміз бе деп отырғанда құдамыздың жігіттері отырған 200 адамға ішінде 150 мың теңге салынған конверттер таратып, отырғандарды таңқалдырған», — дейді Жақсымұрат.

150 мың теңге аз ақша емес. Оны 200 адамға таратқанда құдамыздың қанша теңгеге шығынданғанын шамалауға болады. Бірақ ол кісінің неге бұлай жасағанын ешкім білмейді.

«Бұған қалай таң­қалмассыз? Менің тойыма бара алмайсыздар деп келгендерге ақша таратқанды көру былай тұрсын, бұған дейін естімеппіз де. Ал неге бұлай жасадың деп ол ақшаны қайтарған адам болмапты. Керісінше: «Құдай бергісі келсе терезеден де бере салады деген рас екен ау!» – деп үйіне жөндеу жасап алғандарды да естіп жүрміз». Қысқасы, 200-дей адам асқа қатысып, құдамыздың арқасында ақшаға қарық болып қалыпты», — дейді тұрғын.

Жақында шымкенттік азамат мектеп бітіруіне 25 жыл арналған кешті кластастары үшін Дубайда жасап берген болатын.

 

[pt_view id=»2216c5d386″]

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »