Новости на Newstaraz.

Қарағандыда 10-шы сынып оқушысы немере қарындасын зорлап, жүкті етті

newstaraz.kz
Жеткіншек. Көрнекі фото

Қарағанды облысында немере қарындасын зорлап, жүкті еткен 17 жастағы жасөспірім бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Криминальные новости» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының апелляциялық алқасы 17 жастағы жігіттің кінәсіз деп табу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Ол немере қарындасын зорлап, жүкті еткені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Оныншы сынып оқушысы туысқанымен жыныстық қатынасқа оның келісімін алып түскенін айтып, ақталған. Алайда немере қарындасы бұл сөздерді растамай, өзінің зорланғанын жайып салды.

Похожие статьи

Бұл жантүршігерлік жағдай 2015 жылдың сәуірінде болған. Он үш жасар немере қарындасын зорлаған жасөспірім көп ұзамай оны жүкті етіп қояды. Жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы тек жетінші айда байқаған. Олар жігіттің үстінен полицейлерге шағым түсірді.

Айта кетерлігі, алқабилердің қатысуымен болған соттың соңы дауға ұласқан. Себебі, алқабилер дәл сот кезінде сот төрешісінің үстінен шағым түсіреді. Олар сот төрешісі сотталушының жазықсыз екенін ескермеді деп шулатқан.

Ал жеткіншектің анасы қызының зорланғанына еш күмән келтірмейтінін алға тартты.

«Жасөспірімнің анасы менің қызыммен жігіттің арасында махаббат болды дегенге сендірмекші. Бұл өтірік. Қызым зорланғанда неге айқайлап, қарсылық көрсетпеді деп бетіме басады. Бала қорыққаннан абдырап, еш әрекет ете алмайтын кездер де болады ғой? Тіпті қызым қарсылық көрсетпеген болса да, жасөспірімнің қызыма тиісуге еш құқы жоқ болатын», — деп күйінді қыздың анасы.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »