Новости на Newstaraz.

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, елге қашып келді

newstaraz.kz

Көрнекі фото: prokazan.ru

Араб жігітіне екінші әйел болып тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, өзі елге әзер дегенде қашып келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Әйел бақыты» бағдарламасының кезекті санына араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы шақырылды. Ол өзінің басынан өткен оқиғасын баяндап, өзге елге тұрмысқа шығудың сан соқтырар тұстарына тоқталды.

Бетін елге көрсетуден бас тартқан қыз, жұмбақ кейіпкер ретінде келді. Оның айтуынша, ол екі оқу орнын бітірп, екі жоғары білім бар оқыған қыз екен. Дубайға барып жұмыс жасаған қызды сол жақта араб жігіті ұнатып қалып, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс айтады.

Похожие статьи

Бұл ұсынысты ата-анасына жеткізген қызға анасы ақ батасын берсе де, әкесі келіспей қойған екен. Бірақ сонда да анасының келісіміне сүйенген қыз көзін жұмып, екінші әйел болып араб жігітіне тұрмысқа шыққан. Араға уақыт салып, қыз бала дүниеге әкелген келіншектен араб жігіті ұл тауып бер деп қолқа салады. Уақыт өте келе қазақ қызы ұлды болады.

Оның айтуынша, барлық азап пен зорлық-зомбылық осы кезеңнен басталған. Күйеуі келіншекті күнде соққының астына алып, ол адам төзгісіз жағдайда өмір сүре бастайды. Аз-маз жинаған ақшасын алып, ол қашуға бекінгенімен күеуі оның бұл әрекетін біліп қойып, ойы жүзеге аспай қалған. Дегенмен, амалын тауып, ол бәрібір де үйінен қашып шығып, еліне қашып кетеді. Бүгінде елге келгеніне бір жыл өткен келіншектің екі баласы күйеуімен бірге қалған. Ол өзі қашып құтылғанымен, екі баласын тастап кетуге мәжбүр болған.

Бүгінде өзінің мамандығы бойынша Астанаға жұмысқа орналасқан оның ендігі мақсаты — екі баласын қайтарып алу. Бірақ, араға елшілікті салса да, ол екі баласын қайтара алмай отыр. Себебі, араб елінің заң бойынша, олар өз елінде туған балаларды анасымен бірге жіберуге аса қатаңдықпен қарайды екен. Дегенмен, жаза басқан келіншек балаларын қайтарып алудан әлі де үмітті.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »