Новости на Newstaraz.

Асылжан Мамытбеков: Cоңғы уақытта ел бірлігінің шырқын бұзушылар көбейді

newstaraz.kz

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жер дауы туралы пікір білдіріп, ел бірлігіне қарсы әрекеттер көбейгенін сөз етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Өкінішке орай, соңғы уақытта бірліктің шырқын бұзу, елімізді ұрыс-керіс пен адасушылыққа жетелеу үшін көп нәрселер жасалуда. Кез-келген істе, әсіресе, қазіргідей өндіріс құлдырап, әлемдік экономика күрделі кезеңде тұрған шақта инвестициялық салымдардың маңызы зор екенін барлығы өте жақсы біледі. Қазіргі заманғы соғыстар мен тайталасу әдістерінің ең алдымен нақ осы инвестицияларға қол жеткізуді шектейтін санкцияларды енгізуді қамтитыны бекер емес. Қазіргі Жер кодексі экономиканың аграрлық секторына инвестиция тартуды жеңілдету, осы салада бизнес жүргізуді оңайлату мақсатында әзірленген едi . Бұл ретте, ол жер алқаптарын шетелдіктерге жеке меншікке беруді тіптен көздемеген еді», — деп сөзін бастады Мамытбеков.

Министр жағдайды біржақты қарамау керектігін алға тартты.

«Осы мәселеге байланысты, әлеуметтік желілерде Австралия билігінің «ұлттық мүдделерге қауіп төндіреді» деген болжаммен Қытайдың жеке меншік компанияларына жер сату туралы мәмілені бұғаттағаны жайында айтылады. Осылайша, «Австралия секілді либералды елдің өзі өз жерлерін сатпайды, ал бізде ше…» деген пікірді алға тартады. Бұл ретте, АҚШ, Ұлыбритания, Германия және осы секілді басқа да елдер туралы ешнәрсе айтылмайды. Бірақ, бүкіл болып жатқан істерден, бүкіл мәнмәтіннен бірлі-жарым фактілерді үзіп-жұлып алуға болмайды емес пе?!», — деп жалғастырды ол.

Похожие статьи

Мамытбеков Австралия туралы тараған мәліметтің шынайы тұсын сөз етті.

«Ия, Австралия, нақтырақ айтсақ, Шетелдік инвестицияларды реттеу жөніндегі кеңестің (Foreign Investment Review Board (FIRB) арнайы органы Австралиялық компанияны қытайлық инвесторлардың сатып алуы жөніндегі мәмілені бұғаттағаны рас. Бізге Австралияның шетелдік компаниялар мен заңды тұлғаларға Австралия жерін сатып алуға рұқсат бермейді деп жеткізіліп жатқан факт міне осы», — деп жалғастырды ол.

Мамытбеков жер үшін алаңдаған тұрғындарға түсіністікпен қарайтынын алға тартты.

«Біздің азаматтарымыздың дабыл қағуы мен толқуы түсінікті, өйткені жер — бұл біздің еліміз үшін Отан мен Анаға теңелетін қасиетті байлығымыз. Менің ойымша, болып жатқан оқиғалар азаматтарды хабардар ету және жермен байланысты мәмілелердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін бізде де австралиялық Шетелдік инвестицияларды реттеу жөніндегі кеңес секілді институт құру қажеттілігін көрсетіп отыр. Егер азаматтарда басқа да ұсыныстар болса, еліміздің жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органы — Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуі қажет деп есептеймін. Менің бір байқағаным, аграрлық салада тікелей жұмыс істейтін барлық адамдар жоғарыда аталған ақпаратпен таныс, ал алаңдаушылық білдіріп жүргендер мұндай мәселемен бірінші рет кездесіп отырғандар», — деп түйді министр.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »