Новости на Newstaraz.

Қазақстанда соңғы 5 айда болған атышулы оқиғалар қандай?

newstaraz.kz

Корресондент басылымы соңғы бес айда орын алған атышулы оқиғаларды ел назарына ұсынды.

СОЛТҮСТІКТЕГІ СУ ТАСҚЫНЫ

Қазақстанда соңғы 5 айда болған атышулы оқиғалар қандай?Фото: khabar.kz

Иә, күннің көзі көріне бастағаннан-ақ сай-саланы су алып, топаннан болған төтенше жағдайлар бұған дейін де тіркелген шығар, дегенмен биылғы селдің жөні бөлек. Солтүстік жақтарда су тасқынының салдарынан кейбір ауылдар «мойнына» дейін көміліп, көлкіген көлшіктерде қалғаны жасырын емес. Тіпті кейбір ауылдар тутас су астында қалды. Бескөл деп аталатын ауылдың бір аптаға жуық белуардан су кешкенін телеарналар көрсетті.

«Мен қазір кішкентай баламен анда-мында жүгіріп жүрмін. – дейді 31 арнаға сұхбат берген «бескөлдік» тұрғынның бірі. — Бұл үйде тұру мүмкін емес. Судың деңгейі сол күйі тұр. Қашан кететінін білмейміз. Бізге әкімдіктегілер ол жерден неге енді жер алдыңдар дейді. Бізге өздері берген жоқ па? Таңдай алатын мүмкіндігіміз жоқ».

Төтенше жағдай мамандары ауыл іргесіндегі көл еріген қар суына толып, жан-жаққа жайылып кеткендіктен, үйлер судың астында қалғанын айтады. Ал баспаналары төмен деңгейде орналасқандықтан о баста-ақ қауіптен құтылу мүмкін болмаған екен.

САЙЛАУДАН КЕЙІНГІ СӨЗ

Қазақстанда соңғы 5 айда болған атышулы оқиғалар қандай?Фото: 2016-god.com

Биылғы сайлаудың қызу өткені сонша, адамдар әліге дейін саяси науқаннан алған әсерлерінен айыға алмай жүр. Жиын-тойларда, алқалы басқосуларда адамдардың әңгімесіне әлі де сайлаудағы «қызықтар» арқау болып жатады. Бірі билік партиясынан ұсынылған кандидаттардың айы оңынан туғанын айтса, енді бірі сайлау барысында болған дауыс санау кезіндегі келеңсіздіктерді сөз етіп әлек. Тағы бірі депуттаттық мандатқа жетпей жатып көң креслолардан төңкеріліп түсіп жатқандар жайлы айтады.

ЖЕР ДАУЫ – ЕЛ ДАУЫ

Қазақстанда соңғы 5 айда болған атышулы оқиғалар қандай?Фото: azh.kz

Еміс-еміс есітіліп қалатын жерді 25 жылға жалға беру мәселесі қалың ұйқыдағы қоғамды шын мәнінде оятқандай болды. Алғашқыда бейбіт шеруді бетке алып Атырау халқы шықты. Одан кейін қиқуға үн қосқандай Шығыс, артынша Ақтөбе мен Ақтау, кейіннен Қызылорда қосылды. Алматы мен Шымкентте де әлсін-әлсін үн қатып қалғандар болды, бірақ қалың елдің қаумалаған ішінен дауыстары құмығып жатқандай болды.

Әлеуметтік желіде отыратын блогерлер мен журналистер әр күнді жер дауына байланысты жаңалық айтумен бастап жүрді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елдің жер дегенде қоярға жаны бөлек екенін айтып, сүйсінді. Ақыры, соңғы бес айдағы ең атышулы тақырып ретінде талқыланған жер дауына мораторий жариялаумен тоқтағандай болды.

Похожие статьи

Есесіне, біраз шенділер осы мәселеге байланысты туындаған түсінбеушілікке байланысты қызметтерімен қош айтысты. Атап айтқанда, алдымен ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаев қызметімен қош айтысса, ауыл шаруашылығының бұрынғы министрі Асылжан Мамытбеков алқалы жиыннан сөгіс «арқалап» шықты. Көп ұзамай ол да кетті қызметінен.

ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ

Қазақстанда соңғы 5 айда болған атышулы оқиғалар қандай?Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Фото temocenter.ru

Биылғы бес айдағы атышулы мәселелердің бірі ретінде білім саласындағы жаңа реформаны айтуға әбден болады. Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамын негізге алған білім министірі ойламаған жерден қоғамның қарсылығына ұшырады. Бесіктен белі шықпай жатқан балаға ағылшын тілін тықпалау кімге керек деген белсенді топ бұл тақырыпты да біраз талқыға салды.

Шын мәнінде үш тілде білім беру қаншалықты дұрыс? Әлеуметтік желіде талқыланған мәселеге байланысты үн қатқандардың басым бөлігі бұл реформаға қарсы екенін айтады.

Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі өзінің әлеуметтік парақшасында былай дейді: «Қазақ тілі эксперимент құралы емес, Сағадиев мырза! Бұл — ұлтқа деген қарусыз, аштықсыз, тағы басқа физикалық түрмен емес, бірақ нақтылы рухани геноцид деп бағалауға әбден болатын жаһандық шара».

Осындай білім және ғылым министрінің атына тікелей бағытталған, өткір мазмұндағы ашық хаттың ғаламтор бетіне жарияланып, азаматтардан қол жинала бастағанына бірнеше күн болды. Министрдің мәлімдемесі білім саласындағы мамандарды да бей-жай қалдырмады.

«Ең сүбелі ғылымға қатысты физика, математика, химия және информатика секілді ғылымдарды тек қана ағылшын тілінде өткіземіз деу — ол өз тілің дамымасын, көлеңкесінде қала берсін деген сөзбен сәйкес келеді. Мен бұған қарсымын!», — дейді академик Асқар Жұмаділдаев.

Ал, шымкенттік мұғалім Өмір Шыныбекұлының айтуынша, бұл мәселеде ең алдымен кадр мәселесі алдан кесе-көлденең шығады. 2019 жылға дейін мектептің материалдық базасын жаңарту мүмкін емес. Ауыл мектебі түгілі қала мектептері интернетке қол жеткізе алмай отырған мына заманда бұл дұрыс емес дегенге саяды оның пікірі.

БЕС КҮНДІК оқу жүйесі

Қазақстанда соңғы 5 айда болған атышулы оқиғалар қандай?

Қоғамда көп талқыға түскен екінші өзгеріс — мектептердің бес күндік оқу жүйесіне көшуі. Әсіресе, ата-аналардың басым бөлігі оқу жылының ұзарып кететіндегіне наразылық білдіріп жатты. Білім министрлігіне арнайы сауал жолдап, білгеніміз — бұл өзгеріс 2016-2017 оқу жылында жүзеге аспақ. Онда да әзірге бірінші сынып оқушылары жаңартылған бағдарламаға ауысуына байланысты, бес күндік оқу аптасында оқиды екен.

«Бес күндік жүйеге көшкен жағдайда, оқу жылының ұзақтығы бір аптаға ғана созылады. Яғни оқу жылы бірінші қыркүйектен басталып, бірінші маусымда аяқталатын болады», — дейді Мектепке дейінгі орта білім департаментінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалова.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »