Новости на Newstaraz.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

newstaraz.kz

Қарапайым қазақтар мен Қазақстанның қарапайым мекендері де елімізді әлемге танымал етуде.

Похожие статьи

NUR.KZ порталы соңғы жылдары қазақтарды шетелдіктерге танытқан үздік фотолар тізбегін назарларыңызға ұсынады.

Әлемнің үздік 20 фотосына енген қазақ тойының фотосы

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоБатыс Моңғолияның Алтай тауында өткен қазақ тойы. Фото авторы — Тим Ален.

Саяхатшы фотографтар түсірген жылдың үздік 20 фотосын шетелдік БАҚ жария етті. Олардың арасында қазақ тойынан фото бар. 2015 жылдың жеңімпаздары әлемнің түкпір-түкпірінен көздің жауын алар фотоларды назарға салды.

Бұл фотолар Лондондағы Museum of Docklands мұражайына қойылған.

Қазақ малшыларының фотосы

400 мың қойын жайып жүрген қазақ малшысының фотосы шетелдік сайттарда жиі жарияланды.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

«Қытайдың батысында қазақ малшылар жыл сайын көктемгі жайылымға 400 мың қойын айдап, 300 шақырым жерді жүріп өтеді», — деп жазған фото авторы қазақтардың фотосын назарға ұсынып.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

Райан Белл (Ryan Bell) есімді америкалық фотограф та қазақ малшыларының фотосын Nationalgeographic-ке жария еткен. Ол қазақтарға сапарынан алған әсерімен «Жылқыларды құрметтеп, жейтін Қазақстан» атты мақаласында бөліскен.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоФото автор: RYAN BELL. Қазақ малшысы

Белл қазақтардың аттарды қатты құрметтей тұра жейтініне таңырқаған.

National Geographic-тің арқасында танымал болған алматылық кондуктор

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

National Geographic әлемдік ғылыми-танымдық журналдың ресми Instagram-аккаунтында қазақстандықтарды даурықтырған №25 алматылық автобустың фотосы жарияланған болатын.

Күнделікті бір сарынмен жұмысқа шыққан Есенбеков шетелдік фотограф Шоул Шварцтың объективіне түсетінін білмеген. Фото 15 миллион тұрақты жазылушысы бар National Geographic Instagram-аккаунтінде жарияланды. Бар қызық содан басталды.

«Интернеттегі фотомды қарындасым көріп, маған айтты. Әрине, бұл қызық жағдай болды, не дерімді де білмей тұрмын. Маған енді барлығы қоңырау шалып, cмс жазып, фотоны көргендерін айтуда. Ал мен болсам шыны керек, мені түсіріп алған сәтті байқамаппын», — деді Есенбеков.

Ресейлік фотографтың назарына іліккен Қазақстандағы қаңырап жатқан шаттлдар

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

Ресейлік фотограф Ральф Майребс Қазақстан аймағынан ғарыш шаттлдары бар қаңыраған зымыран тұрағын тапты деп жазды шетелдік gizmodo.com сайты.

Шаттл — North American Rockwell компаниясымен 1971 жылдан бастап шығарлыған америкалық ғарыш кемелері. Le Figaro-ның мәліметіне сәйкес, шатллдардың ғарыштық жобасы КСРО кезінде 1974 жылдан 1993 жылға дейін жұмыс істеп келген. Қаңыраған зымыран тұрағы Байқоңыр аймағында орналасқан.

Канадалық фотографты таң қалдырған Қазақстандағы аялдамалар

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоАлматы

Канадалық фотограф Кристофер Хервиг (Christopher Herwig) Қазақстандағы аялдамаларға таң қалды. Ол кеңестік кезеңде салынған аялдамаларға қатысты өз альбомын жария етпек.

Альбомда әлемнің 14 елін аралап, аялдамаларын түсірген 159 фото бар. 30 мың шақырымды аралаған фотограф Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Украина, Армения, Грузия, Белоруссия, Литва, Латвия және Эстония елдерінің аялдамаларына назар аударған.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоАстана

«Маған әр аялдаманың өз ерекшелігі бар болып көрінді. Бұл кеңес одағы кезінде де адамдар өнердің аясын кеңітіп, туындылар жасауға талпынғанын байқатады», — дейді фотограф.

Моңғолия қазақтарын түсірген шетелдік режиссердің фильмі мен фотолары

Батыс Моңғолияда тұратын қазақтардың өмірін қысқа метражды фильм етіп түсірген танымал шетелдік режиссер Брэндон Ли қазақ халқының мықтылығына тәнті болған.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоФото: The Plus

«Моңғолия көшпенділері» деп аталатын фильмде басты рөлдерді қазақтар сомдайды. Көшпенді халықтың қызық өмірін баяндайтын бұл фильм шетелде күн санап танымал болуда.

Nomads of Mongolia from Brandon Li on Vimeo.

Өзге ел өкілдері қазақтардың өмірін баяндаған фильмге жоғары бағасын беріп, жарыса мақтауда.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

«Жобаны бастамас бұрын мен продюсерім Анслейден фильм түсіргенге әлемдегі ең керемет дүниені тауып беруін өтіндім. Ол маған бүркітпен аң аулаушы қазақтар туралы ақпарат жинап әкелді. Мен бұған бірден тәнті болдым», — дейді Брэндон Ли.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото

Брэндон көшпенді қазақтармен бірге бір ай бойы тұрып, көшпенділердің қиын әрі қызықты өмірінің куәсі болған.

Британ мұражайына қойылған 1900-ші жылғы қазақ мәсісі

Британ мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына салды. Олардың ішінде шебер жасалған 1900-ші жылғы қазақ мәсісі шетелдіктерді қатты таңырқатқан.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фото1900 жылғы қазақ мәсісі

«Қазақстанның Балқаш көлі маңында жасалған 1900-ші жылғы мәсі. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді. Бұдан өзге Солтүсік Африка, Түркия, Таяу Шығыс, Иран, Орталық және Оңтүстік Азияның көне етіктерін де тамашалай аласыз. Бұл жәдігерлер 1800 жылдан бастап осы өңірлерде адам таңғаларлық техника мен материалдардың бай үлгілерін қолдана отырып, туындылар жасауға бейім болғанын аңғартады», — деп жазылған мұражайдың желідегі ресми парақшасында.

Қарағандының циркі

Time және National geographic журналдарында жұмыс істейтін изральдік фотограф Қарағандының циркін фотоға түсіріп, әлем назарына салды.

Қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоФото: instagram

Шетелдік фотограф Қарағандының көрінісін өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жария еткен. Фотоны көрген қарағандылықтардың дені шетел азаматына алғыстары мен мақтауларын жаудырған.


newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »