Новости на Newstaraz.

Қазақтың ұлт ретінде бәрібір жойылатынын айтқан актер Ноғаевтан сөз естіді

newstaraz.kz

Атыраудағы блогқұрылтай қонақтары. Фото: Атырау облысы әкімдігің баспасөз қызметі

Бүгін Атырауда өтіп жатқан Блогқұрылтай кезінде қазақстандық актер Әнуәр Нұрпейісов қазақ ұлтының ерте ме, кеш пе бәрібір жойылатынын, сондықтан ұлт мәселесіне көңіл аудармауға болатынын айтты деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, елге белгілі тұлғалар Мұрат Әбенов, Есен Елеукен, Маралбек Сағынғанов, блогер Әлішер Елікбаев, Сырым Әбдрахмановтар да қатысты.

Жиылғандарға сұрақ қойған жергілікті студент жұртқа танымал адамдардың қоғамның тәрбиешісі екенін айтып, оларды ұлт мәселесіне назар аударуға шақырды.

Сұраққа жауап берген актер Әнуар Нұрпейісов ұлт, тіл мәселесіне қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, мәселен, мың жылдан кейін жер бетінде қазақ түгілі, ешқандай ұлт қалмайды. Сондықтан ұлт, тіл дей бергенше білімге көңіл бөлу керек екнін алға тартты ол.

Әнуар Нұрпейісов. Фото: Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Похожие статьи

Ол соңғы кезде жігіттердің қыздарға көп еліктеп жүргеніне де қатысты пікір айтты. Нұрпейісовтың ойынша, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Біз жаһандану уақытында өмір сүріп жатқандықтан, түрлі мәдениеттің табиғатын бойымызға бәрібір сіңіреміз, одан қашып құтылу мүмкін емес.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл пікірмен келіспейтінін айтып, үзілді-кесілді қарсы болды.

«Әр ұлт өзінің келбетін, табиғатын сақтап қалуға талпынуы керек. Бұл — табиғаттың заңы. Тіл — ұлттың табиғатынан хабар беретін құрал, сондықтан біз тілге, ұлттық құндылықтарға бірінші кезекте көңіл бөлуіміз керек. Жігіттеріміз – жігітше, қыздарымыз – қыздарша өсуі қажет!!», – деді Ноғаев.

Айта кетелік, Атырауда өтіп жатқан биылғы Блогқұрылтайға республиканың түкпір-түкпірінен интернет қолданушылар жиналып, сала алдында тұрған проблемалар мен мүмкіндіктерді талқылады.

Шара ертең блогтурмен аяқталады. Блогерлер жеті ханның сүйегі жатқан Сарайшық жеріне және аймақ үшін экономикалық ерекше маңызы бар бірнеше зауытқа барады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »