Новости на Newstaraz.

Азат Перуашев: Мен әйелімді мың есе артық жақсы көремін

newstaraz.kz

Азат Перуашев. Фото: newskaz.kz

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев  полицейлерге күш көрсеткендерді 11 млн теңге төлеуге міндеттейтін заң жобасы үшін күйіп-пісті. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

«Күйеуі әйелін ұрса, айыппұл 40 мың теңге. Ал егер полицеймен тәжікелесіп қалсаң, 11 млн теңге төлейсің. Бұл не? Не, әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы, әйелімді мың есе артық жақсы көремін», — деді Перуашев.

Өткен аптада парламент мәжілісінде құқық қорғау жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы талқыланған. Депутат Азат Перуашевты «күйдірген» сондағы норма.

Похожие статьи

Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің сөзіне қарағанда, бұл өзгеріс мұндай істерді тергеуде коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына «баламалы тепе-теңдікті» қамтамасыз етеді. Жаңалықтың бірі осы.

Ал Азат Перуашевтің «әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы,әйелімді мың есе артық жақсы көремін» деген бір жағы қарсылыққа, екінші жағы махаббатқа толы сөзіне келсек, заң жобасы бойынша тәртіп сақшысына бағынбай, оған күш көрсеткен азаматқа 11 млн теңге айыппұл салыну көзделген. Ал әйелін ұрған ездің төлейтіні әрі кеткенде 34 мың теңге.

«Айыппұлдар көлемінің неге күрт өсіп кеткенін және оның жазасы жасаған әрекетке сай келмейтінін қалай түсіндіресіз?», — деді мәжіліс депутаты Айзада Құрманова.

Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель:«Айыппұлға байланысты айтқаныңыз дұрыс та шығар. Бірақ ол норманы ІІМ дайындаған» деп, Қасымовқа иек қақты. Ал оның айтуынша, 11 млн теңгені «айдан» алмаған, бар нормаларға сүйенген. Тіпті ең жоғары шекті алмай, «гуманистік» танытқан.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »