Новости на Newstaraz.

Бақытжан Сағынтаев: Қытайдан қорқып қаша берудің қажеті жоқ

newstaraz.kz

Ауыл шаруашылығы саласында Қытайдан қаша беруге болмайды, қайта оларға баруымыз керек. Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында премьер-министрдіңорынбасары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Қытаймен ауыл шаруашылығы саласындағы сауданы дамыту бүгінгі күні көтерілген мәселе емес, біршама жылдар бойы айналысып келеміз. Өйткені, Қытай өзіне кіретін ауыл шаруашылығы тауарларының бәрін стандарттап тастаған. Оларға сырттан өнім кірмейді. Енді Қазақстан не істей алады? Етті алсақ, былтыр алты мың тонна ғана ет шетелге шығардық. Оны Ресейге ғана апардық. Ал шекаралық аумақтағы Қытай жылына Қазақстаннан төрт мың тонна етті сатып алуға әзірлігін танытып жатыр», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Похожие статьи

Оның айтуынша, Қазақстанға Қытай үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Ал мал өнімдерінің, еттің сапасы Қазақстанда жақсы, бағасы да бәсекеге қабілетті. Сондықтан да, Қазақстанның етін алуға Қытай мүдделі.

«Бұған дейін Қытайға астық өткізу өте қиын болатын. Соны ұзақ жылдар бойы келісіп жүріп, келістік. Қытайға бұрын қаппен ғана бидай тасуға рұқсат етілген еді. Қазір оның қапшығын алғызып тастадық, қалай апарсақ та болады. Квотасын алдық. Енді осындай келісімшарттардан біз не ұтыламыз?», деді Сағынтаев.

«Жалпы Қытайдан қашуға болмайды. Керісінше, оларға баруға тиіспіз. Елбасы кеше тағы да айтты, шетелдік инвесторларға, бізге сеніңдер деді. Ақша құйыңдар, жұмыс орындар ашыңдар, салық төлеңдер деп отыр. Одан қазақ ұтыла ма? Сондықтан да, дұрыс түсінейік, дұрыс түсіндіруге тырысайық. Жерді ешкім де шетелдікке сатайын деп отырған жоқ. Біз ауыл шаруашылығын дамытқымыз келеді. Осыны жұртқа дұрыс түсіндірсеңіздер», — деді премьер-министрдің орынбасары.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »