Новости на Newstaraz.

Балаларға берілетін жәрдемақыға Қазақстанда не сатып алуға болады

newstaraz.kz

Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда, балаларға арналған жәрдемақыға не сатып алуға болатынын «Открытая Азия онлайн» мен оның серіктестері Zanoza.kg және «Азия плюс» анықтап шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Похожие статьи

Әр елде жәрдемақы мөлшері әртүрлі болғанымен, бәрінде де бөлінетін қаражат жеткіліксіз екенін байқауға болады. Ал еліміздің шенеуніктері мен депутаттары бюджет есебінен өздеріне кетіретін шығындарды азайтар емес. Олар қымбат қонақүйлерде тұрып, қымбат көліктер алады.

Сол арада балаларға бөлінетін жәрдемақыға жағдайы төмен отбасылар қаншалықты күн көре алады?

Сонымен, бір айлық жәрдемақыға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда не сатып алуға болатынына көз жүгіртсек.

Қырғызстан

Қырғызстанда Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, жоғары жәрдемақы төленеді. Жағдайы төмен отбасылар бұл елде әр бала үшін 705 сом (10,05 доллар) алады. 2015 жылы жәрдемақы мөлшері өсе түскен. Бүгінде 705 сомға 35 нан, 7 келі алма, 2 келі сиыр еті, кәуаптың 3 данасы, 22 литр АИ-92 маркалы бензині, 3 балалар кітабы, 1 жұп балалар аяқ киімі, 1000 кВт электроэнергия немесе 3 рет киноға бару тиеді.

Тәжікстан

Фото: faraj.com.tj

Ең төмен жәрдемақы Тәжікстанда белгіленген болып шықты. Онда ай сайын жағдайы төмен отбасыдағы бір балаға 3 сомони (0,38 доллар) төленеді. Биліктің мұндай ақшаны бір айға жетеді деп санағанын елестету қиын.

Оның қасында қатерлі ісікке шалдыққандар екі есе жоғары жәрдемақы алады – жылына 7,8 доллар. Ал жергілікті тұрғындар мұндай жәрдемақыны көмек емес мазақ ретінде қабылдайтындарын жасырмайды.

3 сомониге бүгінде 1,5 бөлке нан, 100 грамм ет, жарты дана кәуап, 0,7 литр бензин, балалар кітабы құнының 0,7 пайызы, балалар аяқ киімі құнының 0,3 пайызы, 25 кВт электроэнергия, кино билеті құнының 1/13 бөлігі, балалар бақшасы құнының 1/16 бөлігі тиеді.

Қазақстан

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар үшін айына 2227 теңге (6,6 доллар) жәрдемақы қарастырылған. Яғни, жылына 13 792 теңгеден айналады (40,9 доллар). Бұл ақша неге жетеді?

2227 теңгеге 28 нан, 6 келі алма, 1 келі сиыр еті, 4 рет такси ұстау, 7 дана кәуап, 17 литр АИ-92 маркалы бензин, 3 балаларға арналған кітап, 2 жұп балалар аяқ киімі, 152 кВт электроэнергия, 3 рет киноға бару немесе балалар бақшасына ақының 1/7 бөлігін төлеу тиеді.

Источник: Nur.kz




newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »