Новости на Newstaraz.

Бастары дауға қалған депутаттар қымбат қонақүйден көшіп кетті

newstaraz.kz

Апта бойы даудың астында қалған депутаттар бүгін «Пекин паластан» көшті.

Қарапайым азаматтардың сынына іліккен жаңа мәжілісмендер бүгіннен бастап қымбат қонақ үйде емес, өздеріне тиесілі қызметтік пәтерлерінде тұратын болады.

Бұл жағдайға байланысты қарапайым халық пен алдыңғы шақырылымда парламентте болған экс-депутаттардың пікірін 31 арна жария етті.

Қымбат қонақ үйде тұрып жатқан әріптестерін қолдамақ болған Гүлжан Қарақұсованың бұл сөзі онсыз да қызу талқыланып жатқан тақырыпқа май құйғандай болғаны рас. Бірнеше шақырылымда болған депутат кешегі сөзі үшін өкінбеймін деді бүгін. Жаңа құрамға қайта кірмей қалған Тұрсынбек Өмірзақов та экс-әріптестерін қорғаштап отыр.

«Бірақ ол қымбат деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта 50-60 мың дейді отельдар. Ол қазіргі уақытта қарасаң 200 доллар», — дейді  парламент мәжілісі  V-ші шақырылым депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

Өмірзақов мырза жобалап айтып отыр. Әуел баста депутаттардың қонақ үйдегі әр күніне 120 мың теңгеден төленеді деген ақпарат елді елең еткізген болатын. Артынша, жауапты мекемелер тендер бойынша 120 мың емес, бар болғаны 29 мыңнан төлейміз деп үнемдегендерін жария еткен еді. Әрине, миллиардтарды ұстап отырған үкімет үшін көп ақша емес.

— 1 күнде тура келмейді деймін. Айына 30 мың теңге беремін ғой мен.

Похожие статьи

— Ол кісілерге ол жай ақша шығар. Біз үшін ол деген… Мен айтып отырмын ғой бір айлық жалақым менің. Енді оны өздеріңіз де түсінесіздер ғой.

— Үкіметте ақша көп па, білмеймін ғой. Халыққа бермейді, өздерінде бәрі.

Халық мәжілісмендерге арналған қызметтік пәтерлердегі жиһаздардың қымбаттығына да тоқталып жатты. Жуырда ғана «экс-депутат» атанған Айгүл Соловьева бұл пікірлердің көбімен таныс екен. Өз жауабы да дайын.

«Неге олар жатақханада тұрмайды деп? Депутаттың тұрып жатқан пәтері ол да жатақхана ретінде. Біз кірдік. Онша асып бара жатқан жиһаз, комфорт дегенді мен айта алмаймын. Менің үйім одан жақсы рас айтсам. Сол үшін мен ондай қылмыстық, елді ойламайтын нәрсені ол жақтан көрген жоқпын», — деді Айгүл Соловьева.

Жаңа депутаттардың қонақ үйде тұруын, қызметтік пәтерлердегі жөндеу жұмыстарымен байланыстыратындар да бар. Одан бөлек мемлекеттен берілген баспанасын босатпай отырып алған бұрынғы мәжілісмендердің кінәсі дегендер де табылды.

«Мен пәтерімді 2 жұманың ішінде босаттым. Жоқ, онша жөндейтін жері жоқ. Бір-екі жерін сырлайды. Жаңа пәтер деп ойлаймын», — дейді  парламент мәжілісі  V-ші шақырылым депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

Соңғы күндері қызу талқыға түскен қонақ үйді паналаған мәжілісмендер бүгіннен бастап пәтерге  көше бастамақ. Баспана уайымы шешілді. Енді тек мемлекеттік мәселелермен айналысу ғана қалған сыңайлы.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »