Новости на Newstaraz.

Бекболат Тілеухан ұлттың бiрлiгiне үлкен қауiптің қайдан төнетінін айтты

newstaraz.kz

«Террористiк ұйымдарға, радикалдық ағымдарға кiрiп кеткен адамдарды қарасақ, шынында да жұмысы жоқ я болмаса отбасында толық тәрбие, дәстүрлi тәрбие көрмеген, әке мен шешенi сыйлап көрмеген адамдар. Ислам дiнiн жамылып жүрген адамдардың көбiсi дерлiк дәстүрлi әдеп үйренбеген. Әл-Фараби «Тәрбиесiз алған бiлiм – адамзаттың жауы» дейдi. Тура сол сияқты тәрбиесiз, әдепсiз алған нәрседен жалаң, сыртқы сипатын алған дүние шығады. Радикалдық топтардың ықпалына түсiп кеткеннiң кесiрiнен көп нәрселер шығып жатыр», — дейдi Бекболат Тiлеухан.

Мәжiлiс депутаттарының сот сараптамасы орталығының қызметкерлерiмен өткен кездесуде Бекболат Тiлеухан дiни радикализм, дәстүрлi тәрбие, ұлттық бiрлiкке төнетiн қауiптер туралы пiкiрiмен бөлiстi, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, шайтан шiркеуi, саентология секiлдi түрлi секталарға кiрiп кетiп жатқан қаракөздердiң мәселесi айтылып жатқан жоқ. Бiрақ осындай проблема да бар.

Похожие статьи

«Ұлтты анықтайтын бес анық нәрсе бар: тiлi, дiнi, дәстүрi, тарихы, атамекенi. Тiлдегi, дiндегi алауыздық ұлттың бiрлiгiне үлкен қауiп төндiредi», — дейдi депутат.

Оның сөзiнше, дiни радикализммен қатар, зайырлы радикализм де жоқ емес.

«Кез келген адамның дiни сипатына құрметпен қарамайды. Ондай мәселеге келгенде толеранттылық деген нәрсенi ұмытып кетедi. Ал сырға таққан секiлдi нәрсеге толерантты болуымыз керек деген нәрсенiң әлемдiк кино, әлемдiк саясат арқылы жүрiп жатқаны жасырын емес. Бұған қарсы қоятын, қорғанатын бiр-ақ нәрсе бар. Бұл бiздiң ғасырлар бойы қалыптасқан, атаның күшi, ананың сүтiмен келген ұлттық дәстүрiмiз. Әкесi мен шешесiнiң, туған-туысының, ел-жұртының, тәуелсiздiктiң, патшасының қадiрiн бiлген адам ғана осындай нәрсеге қарсы тұрады. Әйтпесе, бүкiл елдiң, халықтың атынан сөйлегiсi келетiн адамдар бар, халықтың жоғын жоқтап, халыққа мейiрiм танытып сөйлегiсi келген адамдар бар. Туғанымен соттасып жатады, бала-шағасымен айырылысып жатады. Туған баласына, ағасына, апасына, бауырына, әкесiне, шешесiне мейiрiм көрсете алмаған адам 17 млн мемлекетке мейiрiм көрсетедi деген миға сыймайды», — дедi Тiлеухан.

«Қасыңдағы басқа дiндегi адамның тоқтығын, тыныштығын ойлау деген нәрсе ғасырлар бойы санамызға сiңiп кеткен. Осы нәрсе қалпына келгенде, бiздiң толеранттылығымыз табиғи толеранттылық болады», — деп түйiндедi сөз соңын депутат.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »