Новости на Newstaraz.

Дариға Назарбаева: Біз орыс тілін жоғалтпауымыз керек, бұл қисынсыз

newstaraz.kz
Дариға Назарбаева. фото: ortcom.kz

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева ба­­­ла­ларға бір мезгілде қа­зақ, орыс, ағылшын тілде­рі­не үйретудің аса қиындығы жоқ екенін айтты.

Бұл туралы ол Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

– Мұның несі мүмкін емес? Көптілділік әлемнің көптеген елінде қалыпты нәрсе. Ту­ризмді дамытуға және инвес­ти­ция тартуға бағдар ұстаған мемлекеттер баяғыда-ақ көп­тілділікке көшіп қойған. Олар үшін бұл – тіршілік ету­дің, өркендеудің, табысты болу­дың кілті. Яғни, жұрттар шынайы жағдайға қарайды.

Біз өзге ешбір елге ұқса­май­мыз және көптілділікке өз ба­сымыздағы жағдайға байла­нысты келіп отырмыз. Қорда­ланып қалған барлық өкпе мен үрейді лақтырып тас­тап, осыны қабылдауымыз қажет. Адамдарды тіл үйрену­ге күштеп мәжбүрлеуге болмайды. Оларды тек ынта­лан­дыруға болады. Ең қуат­ты, табиғи ынта тіл иесі – қазақ­тардың өзінде. Олар тілді сақ­тап, сұранысқа ие, жеңіл иге­рілетін жасауы тиіс. Осы дұрыс, бұл аналық түйсік­ке бара-бар. Сондықтан мен отан­дас­тарымның бұл мәселедегі алаңдаушылығын түсінемін.

Басты міндет – қазақ тілін ұлтына қарамастан барлық оқушыларға жылдам әрі сапалы меңгерту әдістемесін әзірлеу және 2017 жылдан бас­­тап енгізу. Қазақ тілін үй­ре­туге және қа­зақ тілінде оқы­­туға бұрынғыға қара­ғанда кө­бірек уақыт бөлінетін болады.

Бірақ біз орыс тілін жоғалт­пауы­­мыз керек. Біріншіден, бұл тіпті қисынсыз. Би­линг­визм – біз сақтау­ға тиіс шын­дық.

Похожие статьи

Екіншіден, біз сол­түс­тік­тегі көршімен берік саяси және экономикалық байла­ныс­та­мыз. Бұл ел қазақстан­дық өндірушілер үшін тиім­ді серіктес, тауарлар мен қызметтердің тұтыну­шысы.

Үшіншіден, ірі қала­лар­дың, елорда мен облыс орта­лық­тарының лингвистикалық ортасы, әлбетте, аралас болып келеді, бірақ орыс тілінің ай­тарлықтай үлесі байқалады.

Идеалдық тұрғыдан елдің барлық азаматы орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне оп-оңай көше ала­­тын болуы тиіс, бары сол ғана. Алай­­да, лингвистикалық үдер­іс те екі­жақты болуы тиіс.

Яғ­ни, орыс­­тілділер қазақ тілін біл­­мей­­тіндігіне байланысты өз қорқыныштарынан арылуы керек. Ал одан ары­лу­дың ең жақсы амалы – тіл­ді үйреніп алу. Бес жүз сөз бен жиырма шақты сөйлем құ­рылымын үйреніп алуға болады! Бастапқыда осы да жеткілікті.

Егер осыған қол жеткізсек, онда елімізді танымай қаламыз. Түріктер, татарлар, өзбектер, әзербайжандар, балқарлар мен басқа да елімізде тұрып жатқан түркі халықтары бір жылғадан аттап өткен­дей-ақ қазақша сөйлеп кете­ді! Өйткені, тіл туыс қой.

Ал орыс­­тілді тұрғындарымыз өз қор­­қы­ныш­тары мен қысылып-қым­тырылу сезімін жеңіп, қате­мен, акцентпен болса да қазақша сөйлеп кеткен кезде біз көптен бері ұмтылып келе жатқан, ел Конституциясының бірінші сөйлемінде жазылған «Біз, Қазақстан халқы…» деген ұғым да пайда болады.

Байқасаңыз, осы айтып отырғанымның бәрі өткен заманның сынық кірпіштері толған қоржын арқалаған қазіргі үлкен кісілер туралы. Ал бірер аптадан кейін партаға отыратын балдырғандар 11 жылдан кейін мектептен ақыл­ды, ашық, орыс тілінен қазақ тіліне, қазақшадан ағыл­шын­шаға оп-оңай көше беретін дамы­ған адамдар болып шыға­ды. Бұл – уақыт талабы, — деді Дариға Назарбаева.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »