Новости на Newstaraz.

Елбасы Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында болды

newstaraz.kz

Қазақстан Президентіне зауыттың жаңа өнім үлгілері көрсетіліп, мұнай жабдықтарын шығарудың технологиялық үдерісі таныстырылды.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен, облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен әңгімелесті.

Похожие статьи

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елді индустрияландыруға байланысты жұмысшы мамандықтарының маңызы артатынын, соған орай мемлекет бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев өңір кәсіпорындарында жұмыс орындарын сақтаудың, өндірістік үдеріске инновациялар енгізудің маңыздылығын да атап өтті.

Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты – елдегі мұнай кәсіпшілігіне арналған кешенді жабдықтар шығаратын мамандандырылған машина жасау кәсіпорнының бірі.

Қазақстанда насос штангаларын шығаратын бірден-бір зауыт саналатын кәсіпорын ел нарығының 80 пайыздан астамын қамтамасыз етеді және Өзбекстан мұнай компанияларына жабдықтар жеткізеді.

Фото:info-tses.kz

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »