Новости на Newstaraz.

Елбасын күнге теңеп, оған қаланың атын бергісі келген кімдер? (фото)

newstaraz.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Назарбаев немесе Нұрсұлтан деп атау туралы жасалған ұсыныс ел арасында қызу талқыға түсті. Осы орайда NUR.KZ порталы елбасының алдында ұпай жинағысы келген тұлғаларды еске түсіріп көрмек.

Қуаныш Сұлтанов 

Фото: nur.kz

Депутат Қуаныш Сұлтанов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларацияны қабылдау барысында елорданың атауын ел президентінің құрметіне Нұрсұлтан немесе Назарбаев деп аталуы мүмкін екенін жеткізді.

«Біз Конституцияға Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгін декларацияда осыны бастама көтердік. Депутаттар оны қолдады», — деді депутат.

Вла­ди­мир Нехо­ро­шев

Фото: tengrinews.kz

Экс-депутат Владимир Нехорошев президентті күнге теңеген еді.

«Адамдар ол кісіні жыл адамы емес, ғасыр адамы деп дәл тауып айтқан. Нұрсұлтан Әбішұлы — құдайдан келген талант. (…) Аспанда одан бөлек күн болу мүмкін емес. Оның «нұрсәулесі» елімізді одан әрі шуақтандыра түссін. Одан басқа адам президент бола алмайды. Мұны Қазақстан халқы талап етіп отыр!» , — деген депутат айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Сәт Тоқпақбаев 

Фото: azattyq.org

2008 жылы депутат Сәт Тоқпақбаев бас қаланы Нұрсұлтан деп атауды алғаш ұсынған.

«Президенттің қазақстаннның қалыптасуына қосқан зор үлесін ескере отырып, Астананы Нұрсұлтан қаласы деп атауды ұсынамын. Бұл қаланың әкесі де өзі, мердігері де өзі. Ол қаланың әр ғимараты мен көшесінің құрылысын өз бақылауында ұстады «, — деген еді ол.  Нұрсұлтан Назарбаев ол кезде бұл ұсынысты қабыл алудан бас тартты.

Ирина Сероус

Фото: Youtube арнасынан скриншот

Қостанай облысы, Таран аудандық мәслихатының депутаты, Тобыл балабақшасының меңгерушісінің елбасымен кездесуде айтқан сөзі ғаламторды жарған еді.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылында Сіздің Қостанайға әр келгеніңіз біз үшін – мейрам: Нұрлыкүн» — деген Ирина Сероусты көпшілік күлкіге айналдырды.

Нұрлан Смағұлов 

Фото: informburo.kz

2014 жылдың шілде айында Astana Group корпорациясының қожайыны, кәсіпкер Нұрлан Смағұлов EXPO-2017 аумағында орналасқан сауда ойын-сауық орталығының жобасын таныстыру кезінде осы объектті  «Нұр Плаза» деп атауды ұсынған еді.

Оған Нұрсұлтан Назарбаев: «Осылай жағымпазданғанды қайдан білесің?» деп қарсы сауал қойғанда, кәсіпкер ойланбастан: «Өмір үйретті», — деп жауап берген еді.

Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеухан да қалаға президент атауын беруге қарсы емес жандардың бірі.

«Тәуелсіз Қазақстан мен Назарбаевтың аты синонимдер сияқты. Мені жағынды немесе басқа деп түсінсеңіздер, өздеріңіз біліңіздер, бірақ тарихи көзқараспен және егеменді елдің азаматы ретінде, мұны өте бір әділ ұсыныс деп ойлаймын», — деді депутат.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »