Новости на Newstaraz.

Елімізде орысша уағыз оқитын имамдар дайындалып жатыр

newstaraz.kz

Фото: sputniknews.kz

Көпшіліктің сұрауымен кейбір мешіттерде қазір уағыз орысша оқылады не болмаса қазақ тіліндегі уағыздан кейін орысша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, «Нұр-Мүбәрәк» университеті мен бірнеше медреседе орыс топтары ашылып, мамандар дайындалып жатыр.

Өткен жылы имамдардың уағызын толық түсінбейтін дiндарлар бар болғандықтан, көпұлтты елдi-мекендердегi жекелеген мешiттерде қазақша уағыздан кейін қосымша орыс тілінде түсiнiктеме беру ұсынылған еді. Өйткені қазақша уағызды түсiнбеген азаматтар ислам туралы ақпаратты ресми емес дереккөздерден, оның ішінде теріс діни ағым ұстанушыларынан алуға мәжбүр.

Похожие статьи

«Халықтан түрлі сұраныс бар. Елімізде 70 пайыздан көп мұсылмандар тұрады. Оның ішінде, әрине, қазақ тілділер көп. Бірақ мұсылман дінін ұстанатын орыс тілді жамағат та бар. Солардың өтініші бойынша елімізде орыс тілді жамағат көп шоғырланған жерде орыс тілінде де уағыз жүргізіліп жатыр. Бұл сұранысқа байланысты, мысалы жұма уағызы толықтай орыс тілінде жүргізілмейді. Өйткені қазақ тілді жамағат оған ренжиді. Ал біз орысшаны қосып, бүгінгі уағызды түсіндіріп кетеміз. Бір мешітте «Қазақша түсінбейміз, орысша түсіндіріп берсеңіздер» деп жамағат сұраса, біз сол жамағаттың сұранысын қанағаттандырамыз. Негізі, мешітке келетін жамағат қазақ тілді ғой», — дейді Наурызбай қажы.

Бұдан бөлек, мешіттерде орыс тілінде арнайы сабақтар да жүргізіледі. Бұл ретте уағызды түсіндіретін және сабақтарды орысша жүргізетін мамандар керек қой. Сондықтан «Нұр-Мүбәрәк» университеті мен бірнеше медреседе орыс топтары ашылып, арнайы мамандар даярланып жатыр.

Sputnik Казахстан

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »