Новости на Newstaraz.

Емші бала Ербосынның өмірі бүгінде айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

newstaraz.kz

Халық арасында «Үкілі бала», «Емші бала Ербосын», «Жын кірген бала», «Аралдық емші бала» деген атпен танылған Ербосын Серікбаевтың үйіне STAN.KZ  сайтының тілшісі арнайы барып қайтқан еді.

11 жасында аты еліміздің бар аймағына тараған Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген. Емші бала биыл 13 жасқа толыпты. Ой тоқтатып, өмірлік жоспарларын құрып үлгерген.

Аралға бара қалсаңыз халық Ербосынның есімін естігеннен бастап үйін көрсетіп беруге әзір тұрады. Себебі, өзге өңірлерден, шетелден келіп емшінің үйін сұрайтындар көп екен. Тіпті екі жыл бұрын, Ербосынның үйіне сыймаған емделушілер көршілерінің бөлмесін жалға алып, сонда  тұрғаны жайлы да айтылған еді. Бұл жолы бұрынғыдай емшінің есігінде кезек күтіп тұрған халық қарасы аз.

«Биыл 7-сынып оқып жатырмын. Жасым 13-ке келді. Бұрынғыдай мұғалімдер үйге келіп оқытып жатқан жоқ. Мектепке қатынап жатырмын. Ал сабақтан кейін іздеп келген кісі болса емдеуге тырысамын», — дейді Ербосынның өзі.

Ербосынды көріп емін алған адам оның мінезді екенін бірден байқайды. Себебі, ол кейде адамның сұрағына жауап бермейді, кейде үлкен кісінің өзіне жекіп тастауы мүмкін. Тіпті кей кісілерге шекара асып келген болса да емдемейтінін айтады. Ал кейде тіптен басқа адам. Осы мінезінен кейін болар имамдар Ербосынның бойында жын бар деген пәтуа шығарған еді.

«Менің бойымда жын болса, Құран кітабын ұстай алмас едім. Сүрелерді оқымас едім. Қазір жасым жеткелі намазға жығылуды жоспарлап жүрмін. Көптеген өзім білмейтін сүрелерді жаттап жатырмын. Алдыма көмек сұрап келген кісілерді осы Құран сүрелерімен емдеймін. Ал менің бойымда жын бар дегендер маған қасақана жала жабушылар. Олар менің жұртқа танылып, елдің сенімін ақтап жүргенімді көре алмайды», — дейді Ербосын.

Похожие статьи

Қостанай облысынан келген Мәруа Ерғалиева соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп жүргенін айтады. Құлағы дұрыс естімейді екен. Оның үстіне көз ауруы да бар. Сол себепті алыстығына қарамастан, Ербосынның емін арнайы іздеп келіпті.

“Ербосын туралы мен осыдан біршама уақыт бұрын естіген болатынмын. Бұл екінші рет келуім. Еш өкінбеймін. Өз басым, бұл баланың бойында айрықша емшілік қасиеттің бар екендігіне сенемін. Қазір денсаулығым айтарлықтай жақсы. Бірінші рет ем салғаннан кейін, көзімнен парлап аққан жас сап тыйылды. Алдағы уақытта тағы да келемін”, – дейді кейуана.

Ербосын сырқаттанып келген кісіні қамшымен ұрып, ем салады. Көбіне көз, құлақ, жүрек, бүйрек ауруларын емдей алатынын айтады. Сондай-ақ, церебральді балалар параличіне шалдыққан жасөспірімдерге де көмек қолын созады екен.

“Мен қатерлі ісік және туберкулез ауруын емдемеймін. Сондай-ақ, пышақ тиген жерлерге ем салу оңай болмайды. Маған ем алуға келген адамның ең бірінші кезекте ниеті, сенімі болуы қажет. Сынап немесе сенбей келген адамның жазылмайтыны анық. Осыдан бірнеше жыл бұрын жасы отыздан асқан келіншек келді. Апаттан кейін арбаға таңылған екен. Ауылда жатып, ем алды. Жетінші рет ем алғаннан кейін балдақпен жүре алатын болды. Арбасын маған тастап кетті. Мұның барлығы сенімнің арқасы”, – дейді Ербосын.

Емші бала өз қызметі үшін нақты көлемде ақы сұрамайтынын айтады. 7 теңге тастап кеткен адамға да риза болатынын жеткізді.

“Қазір менің қызметіме төленіп жатқан ақшаларды жинап, Қосжар елдімекенінен мешіт салдырып жатырмын. Барлық садақалар сонда кетіп жатыр. Болашақта халық Құдайға сиынатын киелі үйдің болғанын қалаймын”, – дейді ол.

Мұғалімдері әп-сәтте есімі емшілігімен шыққан баланың үлгерімі жақсы екенін айтады. Ербосынның сөзінше, достары мен сыныптастары оған деген көзқарасын өзгертпеген. Қолы қалт еткенде құрдастары секілді доп қуалап, ойнап келгенді жақсы көреді.

“Болашақта дәрігер болуды армандаймын. Стоматолог немесе терапевт болуды жоспарлап отырмын. Ғұмырымды халықты емдеуге арнағым келеді. Осы биік шыңдарды бағындырсам, арманым жоқ”, — дейді Ербосын.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »