Новости на Newstaraz.

Ұлыбритания арнайы мәртебеге ие болады

newstaraz.kz

Еуроодақтың Бельгияда өтіп жатқан саммитінде Лондон мен Брюссель Ұлыбританияның мәртебесіне қатысты бір мәмілеге келді.

Бүгін түнде аталған одаққа мүше елдердің басшылары қорытынды құжатты мақұлдаған. Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Брюссель мен Лондон арасындағы бірнеше сағатқа созылған келіссөздер түн жарымға дейін жалғасқан. Оның қорытындысы жайлы Британия Премьер-министрі бірден әлеуметтік желіде жария етті.

«Соңғы біреше сағат бойы мен келіссөздер жүргіздім. Соның арқасында Еуроодақ ішінде Ұлыбританияға арнайы мәртебе беретін келісімге қол жеткіздік. Лондонға ұшып келе салысымен министрлердің басын қосатын боламын. Ұлыбритания тығыз қарым-қатынасты көздемейді. Британия ешқашан Еуропаның астам державасының бір бөлігі бола алмайды», — деді Дэвид Кэмерон.

Бұған дейін Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның Еуроодаққа ары қарай мүшелік етуге қарсы еместігін талай мәрте айтқан болатын. Бірақ ол үшін аталған одақта реформалар жүргізілуі тиіс деген еді. Премьер-министр еуро аймағындағы мультивалюталық одақ бәсекеге қабілеттілікті күшейту, ұлттық парламент өкілеттігін арттыру және көші-қон заңнамасын қатаңдату мәселелерін көтерді.

Похожие статьи

«Ұлыбритания ешқашанда еуроға қосылмайды. Біз өзіміздің экономикамызды қорғап қалу үшін күрделі шараларды қабылдадық. Бірыңғай нарықтағы еркін сауда ережелеріне толық сәйкес болу үшін де аз тер төккен жоқпыз», — деп атап өтткі Кэмерон.

Енді Британия Еуроодақтың еңбек мигранттарына әлеуметтік жәрдемақы төлеуді 4 жыл мен 7 жыл аралығында жүзеге асыра алады. Брюссельдің Лондонға жасаған басты жеңілдігі осы. Ұлыбританиядан сондай-ақ терең интеграция талап етілмейді. Ал сарапшылар бұл жалпыеуропалық келісімге қайшы келеді деген пікір айтып жатыр.

Еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкер: «Ұлыбритания әуелден-ақ Еуроодақта ерекше мәртебеге ие болып келді. Және бұл жайт құрамына 28 ел кіретін қауымдастыққа кесірін тигізіп көрмеген», — екенін еске салды.

Ал Еурокеңес төрағасы Дональд Туск «Ұлыбритания мен Еуропа бір-біріне тәуелді. Бұл байланысты үзу біздің мүддемізге қайшы келеді. Аталған қарым-қатынас ажырамас үшін барымызды салдық. Дегенмен соңғы шешімді британ халқы қабылдауы тиіс» деді.

Ұлыбританияның Еуроодаққа мүшелігін сақтап қалу жөніндегі келісімнің соңғы мәтіні қазір техникалық мамандар деңгейінде талқыланып жатыр. Ізінше аталған одақ құрамына кіретін елдердің басшылары келіссөздерін жалғастыратын болады. Бұл құжаттың мақұлданбай қалған тұстарын ресми бекіту үшін қажет.

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »