Новости на Newstaraz.

Mұхтар Тайжан: Қазақ мүддесі үшін сайтанмен де келісімге келуге əзірмін

newstaraz.kz
Фото: rus.azattyq.org

Жер мәселесі бойынша 75 адамнан тұратын комиссияның құрамына енген белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан аталған мәселеге орай мынадай пікір білдіріпті. Бұл туралы «Қала мен дала» басылымы жазады.

Кейбіреулер мені сырттай сынайды: “Ана бір адаммен кездеспе, ол биліктің адамы”. “Ана біреумен де жолықпа, ол да биліктің адамы, сатқын”. Мұндай ұстанымды ұстану қате деп санаймын.

Керісінше, дәл сол биліктің адамдарымен жолығуым керек, олармен тіл табысуым керек. Неге? Осы арқылы олардың жерге деген көзқарастарын өзгерту қажет.

Похожие статьи

Оспан батыр қалай айтқан, естеріңізде болса, “қазақ мүддесі үшін сайтанмен де келісімшартқа баруға əзірмін”. Ал бұл жерде сайтандар емес, өзіміздің қазақ жігіттері, мейлі билікте отырса да қазақтың балалары отыр.

Қараңыздаршы, Донбасста соғыс болса да екі жақ Минскіде отырып келіссөз жүргізеді. Сириядағы оппозиция пен Асадтың арасында қаншама қан төгілсе де олар Австрия астанасы Венада жиналып келіссөз өткізеді. Ал бізде Құдайға шүкір соғыс жоқ, болмасын да.

Бір елміз, бір ұлтпыз, демек мүддеміз де бір болуы керек.

Комиссия мүшесі болғандықтан міндетті түрде келіссөз жүргізуім міндет. Осы арқылы ғана алдымызда тұрған әрі бəрімізге қажетті мақсатқа жетеміз. Басты мақсат – Жер кодексін өзгерту, жақсарту. Бұл жұмысымыздың жақсы нəтижесі болса болды.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »