Новости на Newstaraz.

Мүлдем ағылшынша білмей АҚШ-қа барған қазақ жігіті онда өз компаниясын ашты

newstaraz.kz
Фото: esquire.kz

Ержан Исмағұлов есімді қазақ жігіті мүлдем ағылшынша білмесе де АҚШ-қа барып, онда өз компаниясын ашты. Бұл туралы esquire.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жас жігіт Қостанай облысында дүниеге келген. 2010 жылы work & travel бағдарламасымен АҚШ-қа барған Ержан ол кезде бір ауыз сөз ағылшынша білмегенін жасырмады.

«Достарымызбен ақша тауып, демалып та үлгереміз деп ойладық. Ағылшын тілін мүлдем білмейтінмін. Қалтамда тек 1000 доллар болды. Үш ай зымырап өте шықты. Бастапқыда Нью-Йоркке келдік. Сосын өзге жігіттер Оушен-Ситиға бет алғанын көріп, біз де еріп кеттік. Студенттер жатақханасына жайғасып, тек екінші айдың ортасында ғана жұмысқа тұра алдым. Алдымен құрылыста, кейін супермаркетте. Жалақым 200 доллар болатын, оның 95-ін пәтерге төледім. Сол себептен, ақша жинай алмадым», — деп есіне алды ол.

Ержан ақшасыз үйіне қайта алмайтынын түсінгендіктен, тағы да біразға қалуды ұйғарған.

Фото: esquire.kz

Похожие статьи

«Тіл білмегендіктен, қалай жұмысқа тұратынымды да түсінбедім. Дегенмен, барынша тырыстым. Алдымен туристік виза алдым, кейін студенттікке ауыстырдым. Одан соң грин-картасына қол жеткіздім. 60 долларға достарыммен көлік жалдадық. Жүк тасымалдаушы болып жұмысқа тұрдым. Сағатына он доллар алатынмын. Кейін жарақат алып, ол жұмыстан шығып қалдым… Тілді аздап үйреніп алғаннан кейін қайта сол салаға бет бұрдым. 4,5 мың долларға компания аштым. 400 долларға жүк көлігін және 500 долларға ұялы телефон алдым. Кәсібімді дөңгелетіп отырғаныма екі жылдай болды», — дейді Ержан.

Бүгінде Ержанның АҚШ-та өз кеңсесі бар. Онда үш диспетчер жұмыс істейді. Осылайша арманына біртабан жақындаған жас жігіт қалауын тапса, қар жанатынын айтады.

«Бәрі адамның өзіне байланысты. Расымен қалайтын болса, өз кәсібін де ашу қолынан келеді. Менің арманым АҚШ-та тұру емес, халықаралық бизнесті өркендету. Сондықтан еліме қайтып оралатыным анық», — деп түйді ол.

Esquire басылымының материалынан аударылды.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »