Новости на Newstaraz.

Момышұлының келiнi: Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған

newstaraz.kz
Зейнеп Ахметова. Фото: elanasy.kz

Мұсылман болу үшiн араб болудың қажетi жоқ. Арабтан үйренетiн ештеңемiз де жоқ. Мұны қоғам қайраткерi, Бауыржан Момышұлының келiнi Зейнеп Ахметова «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында айтты деп хабарлайды BNews.kz.

«Мұсылман болу үшiн араб болудың қажетi жоқ. Арабтан үйренетiн ештеңемiз де жоқ. Өзiмiздiң салтымыз бар, өзiмiздiң дәстүрiмiз бар. Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейiн ешқашан басына орамал салмаған. Менiңше, адамдардың көбi қоғамда өздерiнiң ерекшелiгiн көрсету үшiн осылай iстеп жүр. Мен өз басым, кiшкентай қыз баланың басын тұмшалап, орамал немесе хиджаб салып қойған дұрыс емес деп есептеймiн. Өйткенi, ол ертеңгi күнi өзi таңдауы керек. Баланың iшкi жан дүниесi, Құдайды iздеуi, Алланы түсiнуi, соның барлығы келген кезде ол өзi таңдау жасайды. Бiздiң қоғамда екi көзбен көрiнетiнге сенемiз, ал тылсымға сене бермеймiз. Сыртқы көрiнiс, сыртқы елiктеу. Дiндi ұзын, қысқа көйлек киген секiлдi «модаға» айнылдырып алған», — дейдi Ахметова.

Похожие статьи

Қоғам қайраткерiнiң айтуынша, бұның барлығы қазақтың тұтастығын, қазақтың ынтымағын бұзу үшiн iстелiп жатқан дүние.

«Әйтпесе, атам заманнан келе жатқан салт 25 жылдың iшiнде дұрыс болмай қалды, оның барлығы дiнге қарсы болып қалды дегенге қарсымын. Қазақ салтының дiнге қарсы ештеңесi жоқ. Ата дәстүрiмiзден алыстасақ, құрдымға кететiн жерiмiз сол болады», — дейдi Ахметова.

Қымбат Елтайқызының материалы.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »