Новости на Newstaraz.

Мырзатай Жолдасбеков: Қазақ түгел атқа қонатын болса, ешкімді тыңдамайды

newstaraz.kz
Фото: ult.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков жер дауына келгенде, халықтың төзімділігін сынауға болмайтынын Baq.kz порталына берген сұхбатында кесіп айтты.

«Иә, «жерді сату» дейтін сөз — ауыр сөз. Кейбіреулер оны «жерді сату ол – анасын сату», «жерді жалға беру анасын жалға берумен бірдей» деп асыра сілтеп жатады. Халықтың жүйкесін тоздырмау қажет. Халықтың санасымен ойнамау керек. Мен өзім көп жылдан бері жазып келе жатырмын, қазақтың төзімін көп сынамау қажет. Қазақ — төзімді халық. Бәріне шыдайды. Осы төрт аяқты түйе шыдамды болса, екі аяқты осы қазақ төзімді. Ооооу, ай далада, қу мекенде бір жалғыз үй отырады. Қайтіп күн көріп жатқанын білмейсің. Соған келіп, үйіне кірсең, «Төрге шығыңыз, төрге шығыңыз», — деп, көрпесін төсеп, жаны қалмайды. Бірден самауырын ала жүгіреді. Шай қояды. «Қалдарыңыз қалай?», — деп сұрасаң, «Қалымыз жақсы», — деп жауап береді. Сонда түгі жоқ… Міне, қазақтың пейілі. Ал қазақтың төзімін көп сынауға болмайды. Қазақ жер сияқты, жер көп қозғала бермейді ғой, бір қозғалса, қатты қозғалады. Қазақ та бір қозғалса, қатты қозғалады. Қазақ түгел атқа қонатын болса, ешкімді тыңдамайды. Ол не аттан өлтіріп түседі, болмаса, өзі өліп түседі. Оған дейін апаруға болмайды. Сондықтан қазір жер-жерде босқа айқай шығармау қажет. Біздің бағзы замандардан келе жатқан ата дәстүріміз – мәміле», — дейді академик.

Похожие статьи

Қоғам қайраткері сұхбат барысында жерді жалға беруге де, сатуға да қарсы емес екенін білдірді.

«Мен өз басым қарсы емесмін. Жерді беру керек, жалға да беру керек, сату да қажет. Бірақ бұл жердің иесі алдымен қазақ деу керек. Сондықтан жерді бөлгенде де, сатқанда да, қазақтың құқығы жоғары болуы тиіс. Бұл – бір. Екіншіден, жарайды, сатылсын. Менің уайымым, бізде билікте отырған кейбіреулер ештеңеден қорықпайды. Анау жерді жалға беріп, сатқан кезде оның тәуірлері кімнің қолында кетеді? Сол билікте отырғандардың қолында кетеді. Жерді өз атына алмаса да, жақынның, анаусының-мынаусының атына жазатын болады. Ол қай жерді алады? Ол сулы жерді алады, шұрайлы жерді алады, жарық келіп тұрған жерді алады, ол даңғыл жол барып тұрған жерді алады. Ал ауылда отырған қарапайым халыққа не тиеді? Оооу, қу мекен дала тиеді. Оған ол суды қалай апарады? Жарықты қалай жалғайды? Жолды қайтіп тартады? Мен осыны талап етемін. Біз осыны ескеруіміз керек. Жаңа айттым ғой, бізде елді ашындыратын жағдайлар аз емес. Осы қазақ өліп-талып оқиды, жанын салып, білім алады. Көргені бейнет, солай жүріп, пәленбай жасқа келгенде пәтерге қол жеткізеді. Денсаулығынан айырылады. Жас семья ырың-жырың болады. Одан қазақ қалай көбейеді? Сондықтан біз мемлекеттің басына, билікке мемлекетшіл адамдарды әкелуіміз керек. Қазақтың жанын түсінетін, қазақты жанындай сүйетін, халқы үшін жан алып, жан беретін адамдар келуі керек. Әйтпесе, халықтың көкейінен кірбің кетпейді», — дейді Мырзатай Жолдасбеков.

Сонымен қатар Жер реформасы жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеп жатқан академик комиссия жарты жылдың ішінде бір мәмілеге келетініне сенімді.

«Менің ойымша, «асыққан – сайтанның ісі» дейді ғой, осы жарты жылдың ішінде біз бір мәмілеге келеміз. Мен өзім билікті халықтың жауы деп ойламаймын. Ешкім өз халқына жау бола алмайды. Әркім өзінің білгенінше,сөйледі, өзінің білгенінше іс қылады. Біз асықпай, жан-жақты талқылаумыз қажет. «Сабырлық түбі – сары алтын, сарғайған жетер мұратқа» дегендей, қоқаңдап, шошаңдап жүгіру әдемпсіздік болады. Оның түбі жақсылыққа апармайды. Егер біз бір пікірге келе алмасақ, онда мен іні-қарындастарыма, бауырларыма айтар едім: «Сендер, алысқа бармай, мына тұрған көрші қырғыз ағайындардан мысалға алындар!». Олар бір мәмілеге келе алмай, қырғыздың ер тоқымы аттың мойына кетті. Оның қайта түзелуі қиын шаруа. Қырғыз дүниежүзін босып кетті қазір. Көбісі Қазақстанда жүр, осы жердің азаматтығын алып жатыр. Отанынан безіп кететін жағдайға бармауымыз қажет. «Дарақ бір жерде тұрып көгереді» дейді ғой, не де болса, біз осы Отанымызда көсегемізді көгертуіміз керек. Сондықтан бәріміз ақылға келуіміз керек. Елді бұзу, айқай шығару, ол көрінгеннің қолынан келеді. Ал елге тоқтам айту, мәселені ақылмен шешу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ең бірінші, сабырлық керек. Мен осы сабырлыққа, бірлікке шақырамын», — деп сөзін түйіндеді академик.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »