Новости на Newstaraz.

Мюнхенде 18 жастағы ирандық он шақты адамды атып тастады

newstaraz.kz

Германиядағы Мюнхеннің сауда орталығында атыс болды деп хабарлады Рейтер агенттігіне сілтеме жасаған Қазақпарат.

Атыстан кейін 21 адам ауруханаларға жеткізілді, бірнеше жүздеген адамға мамандар оқиға орнында көмек көрсетуде, деп хабарлады қаланың құтқару қызметі.

«Жедел жәрдем ауруханаларға 21 адамды жеткізді. Бірнеше жүздеген адамға арнайы жабдықталған пункттерде мамандар тиісті көмек көрсетуде»,  — деп хабарлады Мюнхеннің өрт сөндіру қызметі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, зардап шеккендер әртүрлі дәрежеде жарақаттарымен жеткізілген.

Кейбір ақпарат құралдары 15 адамның қаза тапқанын жазып жатыр.

Похожие статьи

Мюнхендегі атыстан кейінгі баспасөз конференциясында қаланың полиция басшысы Хубертус Андре шабуыл жасаған Германия азаматтығы бар 18 жастағы Иран тумасы екенін мәлімдеді.

Бұл туралы RT хабарлайды деп жазады 24.kz.

Фото: Twitter

Сондай-ақ ол шабуыл жасаған қаскөйдің өзін өзі өлтірді деген ақпаратты әлі растай алмайтынын айтты. «Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкері бастапқы кезеңде оқ атқан қылмыскермен байланыста болып, оған да оқ жаудырды. Оқ оған тиді ме жоқ па ол белгісіз», — деп атап өтті полицей.

 Фото: Twitter

Полиция «Олимпия» сауда үйінің маңында болған атысты теракт деп атап отыр, деп хабарлайды Bild.

Қазақстанның Германиядағы елшілігі қазақстандықтардан әзірге ешкім де көмек сұрап жүгінбегендігін атап өтті.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »