Новости на Newstaraz.

Намазын тастап кеткен әнші жігіт жарты жыл бойы жынмен қалай арпалысқанын айтты

newstaraz.kz

Скриншот «Кешкі кездесу» бағдарламасынан алынды

Жарты жыл бойы жынның билеуімен жүріп-тұрған Қуандық намазға қалай жығылғанын айтып берді.

Бұл туралы «Еуразия» арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ұзақ жылдар өнер көрсетіп, үлкен сахналарға шығып жүрген әнші жігіт жасы 35-ке таяғанда ішімдікке салынып, бос уақытын ойын-сауықпен өткізеді. Өз өміріне қолдан қиянат жасаған ол «Жынның жетегіне қалай еріп кеткенінімді байқамай қалдым», — дейді.

«Алланың қаһарына ұшырап қалдым ба, білмеймін, сол кездерде басталды. Бармаған жерім жоқ. Психитарларға да, балгерлерге де, емшілерге де апарды мені. Ешқандай пайда әкелмеді, маған ешкім сенбеді. Өз-өзіммен сөйлесемін, өзім жалғыз кетіп бара жатамын, бірақ жанымда тағы 10-15 адам жүреді. Алдыма біреу түседі, артыма біреу түседі. Бәрі менен кіммен сөйлесіп бара жатқанымды сұрайды, өйткені олар адамның көзіне көрінбейді», — дейді Қуандық.

Жындар жатса да, тұрса да онымен бірге жүрген. «Бастапқыда олар маған таныс адамдардың даусымен сөйлейтін», — деп сырын ақтарды Қуандық.

Қуандықтың айтуынша жындар қас қарая бастағанда белсенділік танытады екен. Түнімен көз ілмей шыққан кездері болғанын жасырмайды. Құлағына белгісіз адамдардың дауыстары оны өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген.

Похожие статьи

«Олар адамды азғындайды, қорқытады. Мені машинаның астына түсіруге бірнеше рет итермеледі. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікке, жолға қарай итеріп жіберіп, өздері күліп тұратын. Сондай машина көп жүретін жерлерден қорқатын болдым», — дейді ол.

Осыдан кейін Қуандық намазға жығылып, бұрынғы өмір салтынан, яғни, үлкен сахнада өнер көрсетуден бас тартады.  Жыннан арылуына достары себеп болыпты. Оны Қаскелеңдегі мешіт имамының алдына апарғанда төрт рет қашып кеткен.

Бұдан бұрын да Қуандық намаз оқыған, алайда тастап кеткен. Нәтижесінде бойын жын билей бастаған.

Қуандықтың ішіне жын кіргенін тек жақын туыстары ғана білген екен. Ол оның сыртқы белгілері ретінде өз-өзімен сөйлесуді және құлағына естілетін дауыстарды айналасындағылардың естімеуін атап көрсетті.

«Олар өте анық сөйлейді, мысалы, біреумен сөйлесіп отырсам, ол кісінің өткені жайлы бәрін біліп отыратынмын. Кейін білдім олардың болашақты айта алмайтынын, тек өткеніңді дәл тауып айтады», — дейді Қуандық.

Исламға бет бұрып, намазға жығылған жігіт мұндай қасіретті ешкімнің басына бермесін деп тілейді.

«Осы дертке шалдықпас бұрын жындар әлеміне сенбейтін едім. Бар айтарым, олардан қорықпау керек, бұға берсең сұға береді олар. Сондықтан қарсы шығу керек, дұрыс, таза жүру керек», — дейді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »