Новости на Newstaraz.

Назарбаев: Жерге жаны ашығандардың бәрі өз сөзін айтсын

newstaraz.kz

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысқан кеңесте елдің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, негізгі мемлекеттік бағдарламаларды өңірлерде жүзеге асыру мәселелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы талқыланды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысы экономикадағы қиындықтарға қарамастан, елдің өңдеуші өнеркәсібінде өсім байқалып отырғанын, ауыл шаруашылығында көлем 2,6%-ға, көлік саласында 4%-дан аса, құрылыста 6,5%-ға ұлғайғанын атап өтті.

– Елдің тоғыз өңірінде өндіріс көлемінің өсімі қамтамасыз етілді. Былтыр инвестициялар индустрияландыру бағдарламасының басымдығы бар салаларында, соның ішінде машина жасау өндірісінде 7 есеге, тамақ өнеркәсібінде 30%-ға, мұнай өңдеу өнімдері өндірісінде 81%-ға өсті. Бұл – аталған салаларға тікелей шетел қаражатын салудың нәтижесі. Жалпы, негізгі капиталға салынатын инвестициялар ел бойынша 15%-ға артты. Бұл инвесторлар тарапынан мүдделіліктің сақталып отырғанын айғақтайтын көрсеткіш, – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев егіс науқаны аясында елдің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер барлық қажетті нәрсемен қамтамасыз етілгеніне, соған байланысты бұл салада жақсы нәтижелерге үміт артуға болатынына назар аударды.

Қазақстан президенті әлеуметтік саладағы оң көрсеткіштерге де тоқталды.

– Біз жұмыссыздықтың артуына жол бермей, оның деңгейін бұрынғы 5 пайыздың деңгейде сақтай алдық. Бюджет түсімдерінің қысқарғанына қарамастан, мен мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға нақты тапсырма бердім. Халық тұрмысының төмендеуіне жол беруге болмайды. Бұл – барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың негізгі міндеті. Біз биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын білім беру саласында – 29%-ға, денсаулық сақтау саласында – 28%-ға, өзге салаларда 40%-ға көтердік. Студенттердің стипендиялары, сондай-ақ мүгедектікке және асыраушысынан айрылуға байланысты жәрдемақы көлемі 25%-ға ұлғайды. Ынтымақты зейнетақы төлемдерінің көлемі 9%-ға көтерілді. Осының бәрі дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесі болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Похожие статьи

Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» аясындағы инфрақұрылымдық жобалар құрылысы бойынша жұмыстың тиісті деңгейде басталмағанына да назар аударды.

– «Жол картасына» бағытталған ақша баспана, жол, аурухана, сумен қамту нысандары құрылысы арқылы халыққа қызмет етуі және пайда әкелуі тиіс, – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын жүзеге асыруға бөлінетін қаражатты уақтылы және сапалы игеруді қамтамасыз етудің маңыздылығына да тоқталды.

Бұдан бөлек, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне жұмыс орындарының сақталуын, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысының қамтамасыз етілуін және олардың өндіретін өнімдерінің облысаралық кооперация арқылы да жеткізілуін қадағалау тапсырылды.

Қазақстан Президенті 5 мамырдағы кеңес барысында өзінің бірқатар маңызды тапсырма бергенін еске салды.

– Мен жер туралы заңнаманың бірқатар ережелерінің іске асырылуын тоқтату туралы жарлыққа қол қойдым. Тиісті комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Оның алғашқы отырысы зор резонанс тудырды. Комиссия мүшелері жер туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі үйлесімді ұстанымдарын әзірлеуге тиіс. Жер үшін шынымен жаны ауыратындардың бәрі өз сөзін айтуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: Nur.kz



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »