Новости на Newstaraz.

ОҚО-да ойда-жоқта екінші әйелге ие болған ер адам екеуімен бір төсекте жатады

newstaraz.kz

Екі әйелі бар азамат. Көрнекі фото: Политика.RU

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында тұратын ер адам екі әйел алып, екеуімен бір төсекте жататын болып шықты. Бұл туралы «Замана» басылымына оқиғадан хабардар тұрғын айтып берді.

«Оның екі әйел аламын деген ойында да болған жоқ негізі. Бәрі сол күнкөрістің, ит тіршіліктің қамы ғой. Әйтеуір дағдарыстан көз ашпайтын бір заманға тап болдық қой біз. Сол 1995-жылдардағы дағдарыс кезінде әлгінің әйелі төрт баласын күйеуіне тастап, саудамен айналысып кетеді. Басында үйіне аптасына бір келіп, байы мен бала-шағасының ыстығын әзірлеп, үй-жайына қарайлап тұратын. Кейін үйіне соғуы жайлап сиреп, ақыр аяғында жоқ болып кетті. Сонымен еркек бес-алты жыл бойдақ жүрді. Ауылда ұсақ-түйек жұмыстар істеді, ешқайда ұзап кетпеді», — деп әңгімесін бастады тұрғын.

Тұрғынның айтуынша, ер адамның үйіне хиджаб киген әйел бас сұққан.

Похожие статьи

«Содан бір күні оның үйіне хиджаб киген бір әйел келіп, ас-су сұрапты. «Бір тамағымды берсеңіз болды, кір-қоңыңызды жуып, бала-шағаңызға қараймын», – деп кірген әйел ақырында оған күйеу­ге шығып алған. Сөйтіп еркекті де намазға жығып, күндердің бір күнінде ауылдасымыз қысқа балақ шалбар киіп, иегіне шоқшитып сақал қоятын болып шықты. Арада жылдар өтті, бүгінде екеуі төрт-бес балалы болды. Өздері ауылдағылардың ешқайсымен араласпайды, ешкіммен тіс жарып сөйлеспейді», — деп жалғастырды тұрғын.

Көп ұзамай ер адамның бұрынғы әйелі төбе көрсеткен көрінеді.

«Бұрынғы әйелі ол екеуінің ерлі-зайыпты болып тұрып жатқанын біреулерден естіген бе, былтыр келді үйіне. Күйеуі үйіне жақындатпай қанша қуаласа да кетпей, қайтадан кіріп алыпты. Қазір үшеуі жап-жақсы тіршілік кешіп жатыр. Үшеуі бір төсекте жатады екен деп естиміз. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» ғой. Мүмкін еркектің өзі мақтанып айтты ма біреуге, әйтеуір біздің ауылға барсаңыз, мұны бәрі айтады. Күні кеше ауылда біреу той жасады, әлгі еркек екі әйелін екі жағына алып, тойға барды. Соны көргенде: «Көңіл сыйса, бәрі сияды» деген рас екен ғой!» – деп таң-тамаша болып қалдық», — деп әңгімесін аяқтады тұрғын.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »