Новости на Newstaraz.

ОҚО-дағы балалар үйіне барған Бейбіт Атамқұловтың көңіл-күйі түсіп кетті

newstaraz.kz
Фото: otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кезекті сапарын Шымкенттегі балалар үйіне арнап, көңіл-күйі болмай қайтты.

Оның себебі де жоқ емес деп жазады Корреспондент басылымы.

Похожие статьи

«№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болған аймақ басшысы ондағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысқан болатын.

Мән-жайды көзімен көрген облыс әкімі мекемеде балалардың ғимарат ішіндегі еркін қозғалуына мүмкіндік беретін пандустың жоқтығын сынға алды. Сонымен қатар, онда ағымдағы жөндеу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегеніне, балалар үшін қажетті жағдайдың жасалмағанына куә болды. Бұл ретте аймақ басшысы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның жұмысына көңілі толмай, аталған олқылықтарды тез арада жоюды тапсырды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі басқарма басшысына орталыққа келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, мекемені еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген заманауи құрылғылармен қамтамасыз етіп, жұмыс жүйесін жаңартуды жүктеді.

Айта кетейік, бүгінде аталған мекемеде жасы 3-тен 18-ге дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар 252 мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етілуде. Оларға 300-ге жуық маман емдік шараларын жасап, тәулік бойы қызмет көрсетеді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »