Новости на Newstaraz.

Оңтүстік халқы «Алтын адамды» тамашалады

newstaraz.kz
Фото: otyrar.kz.

«Алтын адам» үш бөліктен тұрады: бас киімі, кеуде киімі, төменгі бөлігі. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған.

Оңтүстік Қазақстан облысының ұрғындары «Алтын адам» жәдігерін тамашалады. Облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстанның ұлттық музейінің бастауымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей — сенің қалаңда» мәдени туры өтті, деп жазады otyrar.kz.

Көрме ашылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін мыңнан астам келушінің көз қуанышына айналған «Алтын адам» жәдігерін тамашалаушылар саны сағат сайын көбейді. Мәдени саяхат осы уақытқа дейін Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында ұйымдастырылды. Тың жобаға қызығушылық танытқандар қатары көп.

Похожие статьи

Мәдени саяхаттың бір маңызды тұсы — Қазақстан Республикасының брендіне айналған «Алтын адам» жәдігері барлық облыстар мен қалаларды аралайды. Ауқымды турдың басты ерекшелігі — тек музей төрінде ғана тұратын бағалы мұрамен өзге өңір тұрғындарының да жақынырақ танысып, түсініп, зерделеуіне жол ашу.

Іс-шара барысында көрермен қауым назарына «Ұлттық музейге саяхат» атты бейнеролик ұсынылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, музей ісінің мамандары, белгілі қала мен облысқа қатысты тұлғалар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Аталмыш іргелі жоба еліміздің барлық аймағын қамтымақ.

«Алтын адам» үш бөліктен тұрады: бас киімі, кеуде киімі, төменгі бөлігі. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, камзолы құрастырмалы ауыр белбеумен буылған.

Белбеуге аңға ұқсас бейнелер 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар-ақинақ бар. Шалбарының балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »