Новости на Newstaraz.

Отандық журналист Баян Есентаевадан қазақ спортшылары туралы кино түсіруді сұрады

newstaraz.kz

Қазақстандық журналист әрі блогер Берік Сұлтан продюсер Баян Есентаевадан қазақ спортшылары туралы кино түсіруді сұрады.

Қазақтың даңқты спортшылары туралы бірде-бір киноның жоқтығына кейіген ол бұл тарапта үнділерді қазақтарға үлгі етті.

Журналист өзінің пікірін Ойшоғыр порталында ел назарына салған.

Мэри Ком 1983 жылы туған Үндістанның даңқты боксшысы. Бокс сүйер қауым үшін тұлғаға айналған дара спортшы. Мэри халықаралық додалардың жеңімпазы, әлемнің 5 дүркін чемпионы. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері. Мэри Ком Үндістанның Манипур штатына қарайтын Кангатхеи ауылында алғаш рет қолына қолғап киеді. Ол ауылда қыздардың спортпен айналысуы әдепсіздік болып саналатын. Ата-аналары рұқсат бермейтін. Бірақ Мэри бокспен шұғылданып жүргенін әкесіне айтпайды. 2000 жылы Манипур штатында әйелдер арасындағы жарысқа қатысып, жеңімпаз атанады. Әкесі газеттен қызының суретін көріп, бокспен айналысатынын сол кезде бірақ біледі. Аздап ұрыс-керіс болады. Уақыт өте түсіністік танытып, қызына ақ батасын береді. Сол жылдан бастап Мэри әлемдік ареналарда жұдырықтасып, жүлдегер атана бастайды.

Боксшының қысқаша тарихы осындай. Биыл Рио олимпиадасында топ жарып, Үндістанға алтын медаль сыйлау басты мақсаты екен. Хош, Мэрриға сәттілік тілейміз. Арманына жетсін.

Айтайын дегенім, 2014 жылы Үндістан өзінің туын желбіретіп, әнұранын ойнатып жүрген Мэри Комның өмір жолы, спорттағы жетістігі туралы көркем фильм түсірді. Киноны көріп шықтым. Өте керемет, әсерлі туынды болыпты. Үнділердің ұлтжандылығы мен спортшыларына деген қолдауын осы кинодан-ақ біле берсе болатын шығар. Туын желбіретіп жүрген спортшысын насихаттады. Танымалдығын арттырды. Жастарының спортқа қызығушылығын оятты. Ең бастысы Мэриді көзі тірісінде құрметтеді. Рио олимпиадасында алтын алуға деген құштарлығын екі есеге ұлғайтты. Керемет емес пе?!

Отандық журналист Баян Есентаевадан қазақ спортшылары туралы кино түсіруді сұрады

Күшті, иә?! Ал бізде ше?! Біздің елімізде кино түсіруге лайық спортшылар бар ма?! Бұл тақырыпта қоятын сұрақ көп. Сол сияқты жауаптың да түр-түрін естуге болады. Бекзат Саттарханов туралы кино түсіріліп жатыр деп еді. Қазір тым-тырыс. Ермахан Ыбрайымов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Геннадий Головкин, Серік Қонақбаев айта берсең көп. Осылардың әрқайсының алтынға жету жолындағы күресі туралы керемет кино түсіруге болады. Сол кино арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады. Сол кино арқылы жастарды ішімдіктен, нашақорлықтан сақтандыруға болады. Сол кино арқылы ұлтжандылықты оятуға болады.

Өкінішке қарай біз қазір спортшыларды тек клипқа ғана түсіріп жүрміз. Жеңіспен келгенде жаңалықтан айтып, 1-2 ток-шоудан көрсетіп, мектеп оқушыларымен кездестіріп қоямыз. Осымен насихаты бітті. Келесі жарыстан алтын алып келгенше ол туралы естімейміз. Туған ауылындағы билбордта да суреті тұрмайды. Жарайды, бұл басқа тақырып. Киноға оралайық. Бекзат Саттарханов туралы кино түсірілсе, оны көруге бармайтын қазақ болмайды. Көрермен Қанат Ислам туралы киноны іздеп келіп көреді. Егер киноны бизнес деп қарасақ, кеткен шығынды екі есе қылып қайтарып алуға болады.

Біз үнділер құрлы жоқпыз ба? Олар олимпиаданың қола жүлдегерлеріне кино түсіріп жатыр. Бізде олимпиададан алтын алған спортшылар қаншама?! Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген батырлар туралы өзіміз бір кино түсіре алмаймыз ба? Оларды біз дәріптемесек, Болливуд келіп Бекзат туралы, АҚШ келіп Қанат туралы, француздар Жақсылық туралы кино түсіріп бермейді ғой. Ондай кино түсіру үшін ойдан оқиға құрастырудың да керегі жоқ. Біздің спортшылардың өмірі дайын кино. Шіркін-ай, қазақ спортшылары туралы кино түсіруді біреу қолға алса екен?!

Баян ханым, бұл жоба сіздің қолыңыздан келеді деп ойлаймын. Биыл не келесі жылы жобаны қолға алсаңыз, қуанар едік деген ұсынысымен журналист ойын қорытындылады.

Похожие статьи
Источник: Nur.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »