Новости на Newstaraz.

Павлодарда марқұм әйелдің ішкі мүшелерін донорлыққа берген туыстарының басы дауға қалды

newstaraz.kz

Павлодарда марқұм әйелдің ішкі мүшелерін донорлыққа тегін берген туыстарының басы дауға қалды.

Өйткені дүйім жұрт олар мәйіттің жүрегі, бауыры мен қос бүйрегін 3 науқасқа трансплантациялауға ақысыз бергендеріне сенбей, пайдақорлар деп қаралай бастапты.

Көптің аузына қақпақ бола алмаған олар енді журналистерден көмек сұрауға мәжбүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Құрбысымен кездесуге кеткен Олеся Пушкина көшеде талып құлап, сол күйі есін жимапты. Комаға түскен 37 жастағы әйелдің миы өлсе де, өзге органдары қалыпты істеп тұрған. Кейін аурухана қызметкерлерінен донорлық жөнінде естіп білген туыстары алдымен дін қызметкері мен отбасының өзге мүшелерінің келісімін алады. Осылайша көзі тірі кезінде айналасындағыларға қол ұшын беруге дайын келіншектің сау мүшелерін транспалантациялауға көнеді.

Похожие статьи

«Анамның жүрегі әлі де соғатынын білгенде не айтарымды білмедім. Донорлыққа келісу біз үшін оңай шешім болмады. Әлеуметтік желілерде бұл туралы түрлі пікірлер жазылып жатыр. Сондықтан бүгін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртқа мәселенің анық-қанығын жеткізуді жөн көрдік», — дейді марқұмның қызы Арина Пушкина.

Ғаламторда қызу талқыланған бұл тақырыпқа қатысты жазылған қаңқу сөздер онсыз да қара жамылған туыстарының жағаларын ұстатыпты. Бірі ақша үшін десе, екіншілері атақ үшін істедіңдер деп шүйліккен. Көпшілік не десе де марқұм соңында екі адамға өмір сыйлап кетті.

«Жүрегі, бауыры, бүйректері үш адамға трансплантациялық жасалып болды біздің орталықта Астанада. Қазіргі күні сол үш науқастың екеуі жүрекпен, бауырмен өмір сүріп жатыр. Үшінші науқаста салынған бүйрек ол келмеді. Осы жағдай мультиорганный донорлық болған біздің тұрғындарымызға, біздің облысымызға үлгі болады деп сенемін», — деді Павлодар қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері Советхан Смақов.

Керекуде донорлыққа алғаш келіскен отбасы енді марқұм Олеся Пушкинаның сау мүшелерін алған азаматтармен кездесуді армандайды. Олардың есімдерін дәрігерлер әзірше, құпияда сақтап отыр.

Марқұм әйелдің сау мүшелерін донорлыққа өткізген  туыстары бұл қадамға өзгелерге үлгі көрсету үшін барғандарын айтады. Өйткені, бір ғана Павлодар облысында бүгінде донорлық ағзаға мұқтаж 125 адам тіркелген екен. Олардың үшеуі балалар. Кейбір науқастар өздеріне қажет ішкі мүшені тегін емес, тіпті барын беріп таба алмай жүр.

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »