Новости на Newstaraz.

Павлодарда зейнеткерді 1 теңге қарызы үшін әуре-сарсаңға салды

newstaraz.kz
Нина Живица. Фото: Обозрение недели

Республикалық сенімсіз салық төлеушілердің тізімінен күтпеген жерден өзін көрген зейнеткер Нина Живица таңырқап қалды. Оның қарызы бар болғаны бір-ақ теңге.

Ақылға сыймайтын мәселенің басын ашу үшін зейнеткерге талай кабинеттерді шарлауға тура келген. Алайда ақылға қонымды жауапты ешкім оған бермеген деп жазады Обозрение недели басылымна сілтеме жасап NUR.KZ.

Өзінің борышкер екенін Нина Степановна кездейсоқ білген. Зейнеткер Новосібірге ем алу үшін бармақшы болады. Себебі соңғы уақытта көзінің көру қабілеті тым нашарлап кеткен екен. Ол емі үшін өзінің зейнетақысынан депозитке қаржы жинамақшы болады. Алайда банктің берген жауабы зейнеткерді шошытқан.

Нина Степановна не болғанын анықтау үшін банкке барады. Ол жердегі қызметкерлер зейнеткердің ешқайда кете алмайтынын, салық комитетінде қарызы барын айтып, сол жерге жібереді.

Зейнеткер бірден Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кіріс мекемесіне барады. Ол жердегілер кейуанаға алдымен банктен сенімсіз салық төлеуші емес екенін куәландыратын қаза алып келуін сұрайды.

Похожие статьи

Ашынған зейнеткер банкке қайта барып, өзінің мемлекетке қандай қарыз екенін сұрайды. Ондағы қызметкерлер зейнеткердің бір теңге үш тиын қарызы барын айтып, есеңгіретеді.

«Мен салық мекемесіне қайта бардым. Олар барлық мәселе шын мәнісінде осы бір теңгеден шығып жатқанын айтты. Салық қызметкерлерінің өздері  де таңырқап қалды. Олар маған үшінші терезеге барып, қарызымды төлеуді сұрады. Мен оларға бір теңгені төлейтінімді тек менің атымда тұрған мұндай масқарадан тезірек арылтуын сұрадым. Осылай жасы келген адамдарға жасауға болады ма?» , — деп ашынды Нина Живица.

Белгілі болғндай «қарыз» 2014 жылдан бері тұр. Нина Степановна керек бола қалған жағдайда деп бір теңгенің орнына үш теңге төлеген.

Алайда зейнеткердің әуре-сарсаңы мұнымен бітпеген. Мемлекеттік кіріс мекемесі төленген түбіртекті көріп, зейнеткерді әділет департаментіне жіберген.

Әбден масқарасы шыққан зейнеткерге ол жердегілер арыз жазуын талап еткен.

Зейнеткер арызын жазғаннан кейін әділет қызметкерлері арызды қарап болғанға дейін күтуге тура келетінін айтқан. Алайда қызметкерлер Нина Степановнаның арызына толыққанды қандай да бір жауап бере алмаған.

«Мені борышкер еткен адаманың көзіне тіке қарағым келеді. Егер мен Нобосібірге барғанда бір теңге үшін ұстап алса не болады? Не деген сұмдық? Қандай масқара?», — деп көзіне жас алды зейнеткер.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »