Новости на Newstaraz.

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

newstaraz.kz

Полиция. Көрнекі сурет. Фото: bnews.kz

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында Бердібек Сапарбаевқа жағдайын айтуға келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге әкетті деп хабарлайды Tilshi.kz.

Екінші топтағы мүгедек Күләш Базарбаева әкімге басындағы ауыр жағдайды түсіндіріп, көмек сұрағысы келген.

«Ауылға Бердібек Сапарбаев алғаш келгенде мені алаңдатқан мәселені айтқан едім. Облыс басшысы аудан әкіміне тапсырма берді. Содан мәселем шешіле ме десем, керісінше, мұндағылар мені жақтырмай қалды. Сапарбаев таяуда тағы келді. Естіген бойда дереу жиналыс болып жатқан жерге келген едім. Бірақ мені ол жиынға кіргізбеді. Кіргізбегені былай тұрсын, қолымнан күштеп ұстап алып, полиция учаскесіне әкетті. Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі әбден аяқталғанша, мені учаскеде ұстап отырды. Полицейлердің, шенеуніктердің осындай бассыздықтарын көріп, ауырып қалдым», — дейді Күләш Базарбаева «Тілшіге» берген сұхбатында.

Тек бір көзі көреді. Ауыл арасында жүретін жолды көре алады.

Похожие статьи

«Ертеректе ауылдың шетінен үй алғам. Сол кезде үй алу кезегінен шығарып тастады. Төбесінен су ағып, ол үй құлап қалды. Далада қаңғып қалдым. Баспанам болмаған соң, ескі үйлердің бірінен құжаты жоқ пәтер берген. Екінші қабатта орналасқан. Амалым болмаған соң, құжатсыз үйге кіріп, жөнге келтіріп алдым. Төбесінен су ағады. Әжетханасы да жоқ. Далада көршілердің не әкімдіктің әжетханасын пайдаланып жүрдік. Қыста көмірді қапшықпен сатып аламын. Көзім көрмеген соң, артық қимылдай бермеймін. Екі қызым тұрмыста. Олардың өз отбасылары бар. Қолымда кіші қызым бар. Әйтеуір, өмір сүріп жатырмыз», — дейді «Тілшіге» берген сұхбатында Қарауылкелді ауылының тұрғыны.

Баспана мәселесін шеше алмай жүргенде, санаулы күн бұрын үйі өртеніп кетті. Сегіз пәтерлі екі қабатты үйде өзге пәтерлер аман қалды.

«Қаладан қонақтар келетін болып, дайындалып жатқанбыз. Қыздар дастархан жасап жатқан. Кенет өрт шықты да, балаларды алып, сыртқа жүгірдік. Газ жарылған шығар деп ойлаймын. Абырой болғанда, қалған 7 пәтер аман», — дейді Қарауылкелді тұрғыны.

Бүгінде Күләш Базарбаева облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа хат жазып, көмек сұрайды. Ол әкімнен «баспана мәселесін шешіп берсе екен» дейді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »