Новости на Newstaraz.

Сауат Мыңбаевтың бір басында 30 орынбасары бар болып шықты

newstaraz.kz

Сауат Мыңбаев. Фото: Азаттық

Жуырда «ҚазМұнайГаз» компаниясына қатысты тағы бір дерек мәлім болды. Арнайы сараптама жүргізілген соң бұл компанияда 30-ға жуық вице-президент қызмет ететіні анықталды деп жазады Рейтинг газеті.

Компанияның жаңа басқарушылық құрылымының штатына компания президенті (басқарма төрағасы), оның орынбасары, 3 атқарушы вице-президент, 11 аға вице-президент, 8 «жай» вице-президент, 6 басқарушы директоры кіреді екен.

Мыңбаевтың төңірегіне көптеп топтасқан саяси элитаның ағайын-туыстарына үңілейік. Вице-президенттердің қатарында еліміздің экс-Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың ұлы Жанат, кезінде білім беру вице-министрі болған Тахир Балықбаевтың перзенті Қайрат, Инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбектің туған інісі Ардақ есімді топ-менеджерлер бар екен. «Мистер Патамушта» атанып кеткен Серік Әбденов те осында. Сөз жоқ, лайықты команда.

Похожие статьи

Жалпы, «ҚазМұнайГаздың» басшысы Сауат Мыңбаевқа қатысты екіұшты пікірлер айтылады. Біреулер оны айтарлықтай білікті маман, қаржыгер ретінде таныса, екінші біреулер оны тиімділігі төмен менеджер ретінде бағалайды. Өзінің карьерасында қаржы, ауыл шаруашылығы, индустрия және сауда, энергетика және минералды ресурстар министрі қызметтерін атқарған Мыңбаев соңғы 9 жылда отандық мұнай-газ саласына бақылау жүргізіп келеді.

Әйткенмен, Саяси шешімдер институтының сарапшысы Сергей Смирновтың айтуынша, осы уақыт ішінде Мыңбаев мұнай және газ саласындағы бірде-бір ірі мәселенің түйінін шешкен емес. Қайта жанар-жағар май тапшылығы күшейіп, отандық нарықта тұрақтылық орнаған жоқ. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациядан өткізу бағдарламасы да алғашында жоспарланғандай 2016 жылы аяқталған жоқ. Бұл жобаға қосымша қаржы жұмсауға тура келді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында премьер-министр қызметін атқарған жалғыз мұнайшы Нұрлан Балғымбаев осыдан біраз жыл бұрын «ҚазМұнайГазға» қатысты өз пікірін ашық білдірген болатын. Осы саланы бүге-шігесіне дейін білген Балғымбаевтың пікірінше, «ҚМГ» өте икемсіз және шығынға мейлінше батқан тиімсіз құрылым.

Нұрлан Өтепұлы шетелдік ірі мұнай компаниялар елімізде жұмыс істеп жатқанына 20 жылдан астам уақыт өткенімен, Қазақстанды артта қалған ел ретінде менсінбейтініне, сондай-ақ осы уақыт ішінде мұнай саласында бірде-бір қазақ топ-менеджерінің тәрбиелеп шығарылмағанына налыды. Бірнеше жыл бұрын айтылған бұл сыни пікір қазір де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »