Новости на Newstaraz.

Семейде қаңғыбас әжей өзін ертіп жүретін «жындары» туралы айтып берді

newstaraz.kz

Көрнекі фото: daptar.ru

Семейде үйсіздердің қатарына қосылған 67 жастағы Роза әжей әлдебір белгісіз күштің жетегінде жүргенін айтады. Айтуынша, ол жас кезінде жергілікті әскери госпитальде білікті маман болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Тағдырдың теперішін көп көрген жалғызбасты кейуана адамдармен көңілі түскенде ғана тілдеседі.

«Мен адамдарға сенбеймін. Олар алдап кетеді. Талай опық жегенмін. Өзім, адам қалпына түскім келеді. Бірақ ол мүмкін емес. Бейімдеу орталығында да болдым. Қандай да бір күш далаға жетелеп кетті. Мысалы, міне бала арқалаған азамат қасымда жүр. Сол мені «Роза, Роза» деп шақыра береді. Ал қоқыс жәшігін немесе жылу қазандықтарына жақындасам ұрсады. «Кет» деп айғайлайды», — дейді кейуана.

Роза әжей қыстың қаһарлы күндері көпқабатты үйлердің подъездерін паналайды екен. Тіпті, аш құрсақ қалса да жұртқа алақан жайып, қоқыс жәшігін ақтармаған. Кейбір тұрғындардың берген тамағын да талғап ішеді.

Похожие статьи

«Менің көшеде жүргеніме 9 жылдай уақыт болды. Осы жылдар арасында тойып тамақ ішкен емеспін. Асхананың өзі ақшаммен барсамда маған бермейді. Үстімнің бәрі таза. Исін шығармай жуып отырамын. Қазір, жаздың келгенін асыға күтіп жүрмін. Өйткені, кірімді екі күннің бірінде Ертіс өзеніне шәйіп аламын», — дейді Роза әжей.

Әлдебір күштің жетегінде кеткен әйелдің қолына ұстаған сөмкесі киім-кешекке толы. Өзін жетектеп жүретін белгісіз азамат оны кірлетпей жуып отыруды да қадағалайды екен. Ал кейуана білікті маман ретінде алған баспанасы мен құжаттарының қайда қалғанын білмейді.

«Бізде үй болған. Әкем бәріміз тұрғанбыз. Қолымда кеңестік дәуірдің қызыл паспорты жүретін. Оның бәрін жоғалтып алдым. Баспанамның нақты қай жерде екенін есіме түсіре алмай қойдым. Ойлана бастасам, әлгі мені ертіп жүретін азамат шатастырып жібереді. «Жүр- жүр» деп айғайлайды.  Одан қалса, қолындағы бала жылайды, соны жұбатамын», — деді Роза.

Розаның сөзіне сенсек, елімізде  бірде бір туысқаны жоқ. Ата-анасы кезінде Украинадан жер ауып келген. Ал өзі зейнетақы алмайды. Оның рәсімдеуге жыны ырық бермейді екен.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »