Новости на Newstaraz.

Сенат депутаты білім саласындағы жаңалықтардан шаршағанын мәлімдеді

newstaraz.kz

Халықпен кездесуге шыққан парламент сенатының депутаты Елеусін Сағындықовты ақтөбеліктер білім саласының проблемаларын айтып қарсы алды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Бастауыш класс оқушысын бірнеше тілде оқыту қай елде, қай мемлекетте бар? Менің басымда «Құран кәрім», Мұхтар мен Шәкәрім, Мұхтар Арынның «Бес анығы» тұрады. Соны тағы бір қарап шығыңыздаршы. Тәрбиені түзеу үшін мұғалімді түзеуіміз керек. Сіз ана жақта отырсыз, сенаторсыз Білім министрінің орынбасары болдыңыз. Осыны жететін құлаққа жеткізіңіз. Қазір мектептің халі мүшкіл», — деді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Қарапайым мұғалімнен министр орынбасарына дейін көтерілген сенатор білім саласы өзінің де жанына батып жүргенін айтты.

Похожие статьи

«Мен қазір депутатпын, сенатормын. Өздеріңіз сайладыңыздар. Жұмыс істеп жатырмыз. Мен білім саласына жақын адаммын. Осы салада 20 жылдай жұмыс атқардым. Жай мұғалімнен Білім министрінің орынбасарына дейін көтерілдім. Білім саласында көптеген жаңалықтар бар. Дегенмен, жаңағы оқулықтар туралы көтерілген мәселе дұрыс. Менің де немерелерім оқып жатыр. Өзім де кейде көріп, шыдамым таусылып кететіні бар», — деді сенатор Елеусін Сағындықов.

Бұрын мұғалім болғандықтан білім саласына жақын жүретінін айтқан сенатордың кезінде трактор айдағаны да есіне түсті.

«Өткен аптада Білім министріне барып, бірталай нәрселерді айттым. Бұл салаға жас жігіт келді. Оның отбасын да жақсы білемін. Еңбегі сіңген адам. Бір сағаттан астам сөйлестік. Елбасының өзі білім саласын нақтылап түсіндіріп берді. Халықпен ақылдасу керектігін айтты. 12 жылдыққа көшу, үш тілдікке байланысты асығыстық жасамау керектігін айтты. Сіздердің ұсыныстарыңызды жазып алдым. Барлығын көтереміз. Мен өзім ауылдан шықтым. Трактор айдадым, бірінші мамандығым ауыл шаруашылығына байланысты. Бес жыл комбайнда жүрдім»,- деді Сағындықов.

Елеусін Сағындықов. Фото: azattyq.org



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »