Новости на Newstaraz.

ШҚО-да үш баласын өлтіріп, кейін өзі асылып қалған әйел өлер алдында хат қалдырған

newstaraz.kz
Фото tribune.com

ШҚО-ның Шемонаиха қаласында болған жантүршігерлік оқиға талайды есеңгіреткен болатын. 35 жастағы әйел үш баласын асып өлтіріп, артынша өзі де асылып қалған. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

27 сәуір күні кешкісін қалалық энергетикалық өнеркәсіптің қызметкері Ердос әдетінше жұмыстан үйіне оралады. Алайда осы жолы оған есікті ешкім ашпай қояды. Есігі іштен бекітілген үйде жары Индира, екі қызы және ұлы күтіп отыруы тиіс болған.

Жақындарына алаңдаған ер адам көршісінен балкон арқылы үйіне кіруіне рұқсат сұрайды. Көрші әйел келісімін береді.

Ердос балконнан үйіне кіргенде көрген жантүршігерлік жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Жатын бөлменің есігіне ілінген арқанда Индира асылған күйі болған. Ал жасы екі жарымға енді жеткен кішкентай Нұрсұлтан ваннада асылып жатқан.

Бес жасар Дания болса, әжетханада асылып тұрды. Ал он жасар қызы Елдана залда арқанға асылған.

«Мен жантүршігерлік айқайды естідім. Оларға көтеріліп, есікті қақсам, ол (Ердос) қолында мойнына арқан тағылған ұлын ұстап тұрып есікті ашты. Кіреберісте мен үлкен қызын көрдім. Есінен танып қалған секілді. Әрине мен оған жүгіріп барып, жүрек соғысын тексердім, алайда ол демалмай жатты», — дейді көршісі Әйгерім.

Похожие статьи

«Жедел жәрдем» мен полицияны шақыртқан көршісі болатын. Пәтерде тергеушілер Индира қалдырған өлер алдындағы хатты тапты.

«Мен, Индира Е., ақыл-есім орнында бола тұра, менің және менің балаларымның өліміне мені күнде итермелеген кінәлі адамдарды жазалауды сұраймын», — деп жазған әйел.

«Басты болжам бойынша әйел балаларын асып өлтіріп, кейін өзі асылып қалған. «Адам өлтіру» және «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Төртінші сынып оқушысы Елдана үйіне мектептен келгенде оның інісі мен сіңлісі тірі болмаған, анасы тек соны өлтіру үшін өзіне қол салмай күтіп отырған.

Отбасының көршілері олардың үйінен бұған дейін ешқандай жанжал шықпағанын алға тартты.

«Мен тек Индира мен оның күйеуінің туыстары арасында кикілжіңдер болғанын естідім… Дегенмен, түсініспеушіліктер барлық отбасында болады, осындай әрекетке итермелейтіндей жағдай болағанына сене алмаймын» — дейді тұрғындардың бірі.

Ердостың әкесі болса, үш баласын өлтірген Индираның ақыл-есі дұрыс болмаған деп топшылап отыр.

«Ол қайғылы жағдай болмай тұрып та өзін біртүрлі ұстайтын, жиі жанжалдар шығаратын. Бұл — ақыл-есі дұрыс емес адамның әрекеті. Ұлым бұл жайттан кейін әлі есеңгіреп жүр. Психологтардың көмегіне жүгінуде. Бәріміз оған көмектесуге тырысудамыз», — дейді ол.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »