Новости на Newstaraz.

Шетелдіктер қазақтардың орыс тіліне қатты беріліп кеткеніне таң қалды

newstaraz.kz

Фото: akjolgazet.kz

Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары, Ямайка азаматтары жергілікті «Ақжол» басылымына берген сұхбатында қазақ елі болса да, Қазақстанда халықтың басым көпшілігі орыс тілінде сөйлеп, сол тілге қатты беріліп кеткеніне таңырқап қалған.

«Қазақтың бойындағы қандай ерекшелікті байқадыңыздар», — деген журналистің сауалына ямайкалық азамат:

«Не айтсам да, бұл – менің жеке пікірім. Мен ешқандай дерекке сүйеніп отырған жоқпын. Көрген, естігенімді айтамын. Сіздердің бір артықшылықтарыңыз орыс тілін халықтың көбісі меңгерген. Орыс тілінде еркін сөйлеу – ол сіздердің артықшылықтарыңыз. Керісінше жағы – сіздер сол тілге қатты беріліп кетіпсіздер. Ал неге сіздер ағылшын тілін оқытуға қарсы боласыздар? Кейде қазақтардан «енді жетпегені ағылшын тілі еді» деген пікірді естіп қаламын», — деген азамат елде жүріп жатқан түрлі реформалардың жемісін көру үшін әлі де уақыт керек екенін айтады.

Похожие статьи

«Менің бір байқағаным, Қазақстан – отбасылық құндылық пен ата-дәстүрге берік азиаттық үлгідегі халық. Сіздерде әулеттің үлкені не айтса, сол Конституциядан да жоғары тұрады екен», — дейді Келинг Смолл.

«Қазақстан» деген сөзді естігенде, ең бірінші ойға Байқоңыр оралады деген ямайкалық ерлі-зайыпты неге оны өздеріңіз игермейсіздер деген сауал қояды.

«Сіздерде Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Әлемде ең бірінші рет адам баласы осы қазақ даласынан ғарышқа ұшты. Соны неге өздеріңіз игермейсіздер? Әлемдік алпауыт мемлекеттер келіп сіздерден зымырандарын ұшырады. Жергілікті халық оны теледидардан ғана көріп отыр. Дүниежүзіндегі ең керемет нүкте – ол Байқоңыр ғарыш айлағы. Мен соған қызығамын және сіздерге ғарышты игеруге тілектеспін», — дейді олар.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »