Новости на Newstaraz.

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

newstaraz.kz
Шымкенттегі қала күні. Фото: NUR.KZ

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жары Данараны қала тұрғындарына көрсетті. Яғни, шаһар басшысының әйелі Шымкенттің туған күніне арналған гала концертке келді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте қала күніне арналған гала концерт Наурыз алаңында өтті. Салтанатты шараға Әбдірахымовтың тек жары ғана емес, екінші қызы Аделя да келді. Алайда әкімнің жары жолдасының қасында отырған жоқ. «Халықтың көзіне түсіп қаламын» деді ме, әлде басқа себебі болды ма, әйтеуір қаланың бірінші ханымы Данара (Шымкент әкімінің жары) екінші қатарда отырды.

Ал Әбдірахымов салтанатты кешті Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Бейбіт Атамқұловтың жанында алдыңғы қатардан тамашалады. Тағы бір айта кетерлігі, салтанатты шара күні Аделя Әбдірахымова өзінің желідегі парақшасына анасымен бірге түскен суретін жария етті.

Похожие статьи

Ғабидолла Әбдірахымвотың әйелі мен қызы. Фото әлеуметтік желіден алынды

Айтпақшы, NUR.KZ порталының тілшісі шілде айында Шымкент әкімінің туып-өскен жеріне барып, туыстарымен тілдесіп қайтты. Әбдірахымовтың жеңгелері шаһар басшысының бала күніндегі тәтті естеліктерін айтып, тіпті бала Ғабидолла басшы болуды армандайтынын айтқан.

Сонымен қатар туыстары Ғабидолла Әбдірахымов мектеп оқушысы кезінде ауылдың ең бай азаматы болуды көздегенін де жайып салды. Аталған мақалада Шымкент басшысының жары туралы да жазылған. Оның әйелі Данара Оңтүстік Қазақстанның тумасы, белгілі профессор Тынысбек Қалменовтің қызы.

Сондай-ақ, Шымкент басшысы кезінде Оңтүстік Қазақстанды басқарып, ҚР ІІМ болған, сонымен қатар Ресей елшісі қызметін атқарған Зауытбек Тұрысбековтің ұлы Асқармен туған бажа.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »