Новости на Newstaraz.

Шымкент әкімі спорттың ерекше түрімен шұғылданатынын айтып, мақтанды

newstaraz.kz

Шымкенттің әкімі спорттың ерекше түрі — муай-таймен шұғылданады.

Тіпті жекпе-жектің қыр-сырын меңгергені соншалық, спортшыларды өзімен бірге күш сынасуға шақырды.

Бұны жұртшылық қошеметпен қабылдады деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Похожие статьи

Муай-тай  бойынша Шымкентте алғаш рет қала біріншілігі өтті. Оның ашылу салтанатында сөз алған Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жас спортшыларға сәттілік тілеп, доданың басы-қасында болды. Өз сөзінде шаһар басшысы елдің рухы күшті болу үшін дене мықты болу керектігін де ескертті.

«Біздің рухымыз күшті болу үшін денеміз мықты болу керек. Сондықтан сендердің барлықтарыңды қолдаймын және сәттілік тілеймін. Құдай қаласа, үлкен жетістікке жетіңдер. Чемпион болыңдар. Шынымды айтсам, мен де осы спорт түрімен шұғылданамын», — деген  Ғабидолла Рахматоллаұлы: «Мүмкін бір-екі жылдан кейін  сіздермен жекпе-жекке шығып қалармын», — деп ойын түйіндеді.

Чемпионат №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде өткен. Додада бас-аяғы 110 спортшы жүлдеге таласты.

Айтпақшы, ағымдағы жылдың ақпан айында ғана Шымкентте муай-тай федерациясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы ашылған еді. Оған қала әкімі президент болып тағайындалған болатын.

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »