Новости на Newstaraz.

Шымкенттік келіншек өзіне ақшаға бола үйленген күйеуінен кетіп қалды

newstaraz.kz
Көрнекі сурет. Фото: womancosmo.ru

Замана басылымы Шымкенттегі «Аналар үйін» паналаған қыз-келіншектердің аянышты тағдырын жариялады.

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың тағы бір құрбаны – Айнұр есімді келіншек. Оның тағдыры да оңай өрілмепті.

— Бірінші күйеуіммен алты жыл бірге тұрдық. Бірақ арамызда бала болмады. Күйеуім де, ата-енем де тым жақсы жандар. Бала таппадың деп көңіліме тиген емес. Алайда күйеуім маған білдірмей біреумен көңіл жарастырған екен, ол аяғының ауыр екенін айтып үйге келген соң мен үн-түнсіз кетіп қалдым. Күй­еу­іме де ренжіген жоқпын, себебі ол ұрпақ жалғастыруы керек қой. Сөйтіп бір фирмаға сауда өкілі болып жұмысқа тұрдым. Дүкендерге зат таратып, ақша жинайтынмын.

Похожие статьи

Менің уыс-уыс ақша ұстап жүретінімді қазіргі күйеуім сыртымнан көреді екен. Сөйтіп ол менің бұрын тұрмыста болғаныма қарамастан үйленді. Бір айдан кейін одан аяғым ауырлады да, мен жұмысты тоқтаттым. Алты жылдан бері сәби сүюді армандап келген мен оны аман-есен өмірге әкелуді ойлағанмын. Алайда күйеуіме менің ана болғаным емес, оның асыраушысы болғаным керек екен. Оны да кейін білдім.

Үш-төрт айдан кейін күйеуім Алматыға кетіп, үйге келмей қойды. Енем үйге қайт деп қоңырау шалса, мен кетсем ғана қайтатынын айтыпты. Ал менің төркініме қайтып барғым келмеді. Себебі бірінші күйеуімнен ажырағанда інім қатты ренжіген, оған қоса өгей шешеммен сөзім жараспайтынын білдім.

Босанғанша жүре­тінімді айтып едім, енем өзінің бетін өзі тырнап, шашын жұлып, әпкелері жабылып ұрып, мені үйден қуып жіберді. Сөйтсем күйеуім маған өзін анасымен, әпкеле­рімен қосып бағады деп үйленген екен. Оны жанжал үстінде енем айтып қалды, — дейді ол.

Қоғамдық қор қыз­мет­керлерінің көмегімен Айнұр да алимент өндіру үшін сотқа арызданыпты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »