Новости на Newstaraz.

Шымкенттік тұрғын төрт немересінің сүндет тойында ту көтеріп, Әнұран шырқатты

newstaraz.kz
Фото: zamana.kz

Қазір той маусымы қызып тұр. Әдетте той «Той жыры», «Жар-жар» секілді әуендермен басталатын. Енді тойды Әнұранмен бастау сәнге айналды деп жазады Замана басылымы.

Шымкенттегі «Қожа» тойханасында Қазақстанның туы көкке көтеріліп, Әнұранының орындалуы жұртшылыққа үлкен ой салған секілді. Той иесі – төрт немересін қатар сүндеттетіп отырған әзірбайжан ұлтының өкілі Мамажан Қасымов есімді азамат екен.

Бұл тойда ән де шырқалды, би де биленді. Сыйлықтар да таратылып, тойана да берілді. Тойға тек әзірбайжан ұлтының өкілдері ғана емес, көптеген ұлт өкілдері қатысты. Жұртшылық бұл халықтар достығын паш еткен ерекше той болды деп айтып жүр.

Похожие статьи

«Әкем сонау сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға жүк вагонымен жер аударылып келіпті. Мен осында дүниеге келдім. Қазақ балаларымен бірге ойнап, бір нанды бөліп жеп өстік. Қандай да бір жетістікке жетсем, ол Қазақстанның арқасы. Сондықтан қазақтың қонақжайлылығын, дархан көңілін еш­қашан ұмытқан емеспін. Мен төрт немеремнің сүндет тойын айта жүрерліктей етіп өткізгенді дұрыс көрдім. Риода Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің көк байрағы көктен желбірей берсін деген ниеттемін. Жақсы бастама болсын деп мен немерелерімнің сүндет тойын еліміздің туын көтеріп, Әнұранды шырқатып ашқым келді», — дейді Мамажан Рамазанұлы.

Мамажан мырзаның айтуынша, Әнұранды тек ресми жарыстарда емес, тойда да тыңдаған жөн.

«Негізі спортшылар жеңіске жетсе немесе ресми іс-шараларда ғана көк байрағымыз көтеріліп, Әнұран орындалады. Басқа кездері көрмейміз. Біз қарапайым адамдармыз, үлкен жиындарға көп қатыспаймыз, жарыстарға бармаймыз. Неге біздің де байрағымызды көтеріп, Әнұранды шырқамасқа? Патриотизм деген осындайдан басталмай ма? Тойға 300-дей қонақ шақырып едім. Әнұран орындалғанда солардың барлығы орындарынан тұрып, алақандарын жүрек тұсына қойып, Әнұранымызды бірге шырқады. Талай тойды көріп жүрмін. Бірақ мақтанғандай болмайын, өз тойымдағыдай әсер алған жоқ едім. Мұны көрген туыстарым мен достарым да тойды осылай бастаса керемет болады екен деп айтып жүр. Біз – әзірбайжан ұлтының өкілі болғанымызбен Қазақстан азаматымыз. Сондықтан Қазақстан азаматы ретінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мемлекеттік рәміздерін құрметтейміз. Жастарды соған үйретеміз», — дейді той иесі.

Әнұранмен басталған бұл той одан әрі жақсы үйлесім тауыпты. Бастысы, тойға жиылған көпшіліктің көңілі көтеріңкі қайтқан. Тіпті қайтар тұста да Әнұранды тағы бір қойшы деп өтінгендер де болыпты.

 

[pt_view id=»2216c5d386″]

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »