Новости на Newstaraz.

Шымкенттік жігіт 300 теңгеден қоңыз сатып, пайда тауып жүр

newstaraz.kz

Жігіт сатып жүрген қоңыздар. Фото: «Замана»

Шымкентте бір азамат қоңыз сатып жүр. Дене тұрқы 2 сантиметрдей болып қалатын көкшіл және сарғыш түсті қоңыздардың бір данасы 300 теңге тұрады екен деп жазады «Замана» басылымы.

Әлгі азамат оның адамның ішкі құрылысын тазартуға таптырмас дәрмек екенін және көптеген ауруларға ем болатынын айтады.

«Осындағы бір емші аламын дегесін әкелген едім, ол үйінде болмай шықты. Сосын алатын адам табылса, сатып кетейін деп әрекеттеніп жүрмін. Негізі сатпай-ақ қойсам да болады, өйткені бұл құнын жоймайды, бұзылып, бүлініп те кетпейді. Дұрыс сақтасаң, көпке дейін тұра береді. Қазір ақша керек болғасын алып шыққан едім», – дейді ол сіріңке қорабына толтыра салынған жәндіктерді көрсетіп.

Похожие статьи

«Бұл қоңыздар біздің жаққа көктемде келеді… Бұл жәндіктерді кез келген жерден таппайсыз. Қазір аты есіме түспей тұр, биік жерлерде өсетін бір ағаш болады, олар соған құжынап қонады. Талды сілкілеп жіберсең, қоңыздар топырлап түседі, тек жылдам жинап алу керек, әйтпесе бытырап, жан-жаққа қашып, ұшып кетеді. Тағы бір ерекшелігі, оны бұлтты күндері табу қиын», — дейді жігіт.

Қоңыз терушілер бұл жәндіктерді жинап алғасын шығып кетпестей етіп ыдысқа салып қояды екен. Олар сонда серейіп қатып қалады. Сосын жәндіктерді жел қақтырып, күн астында кептіреді де, балалардың қолы жетпейтін, құс тие алмайтын, құмырсқа жоламайтын жерде сақтайды.

Бүгінде кей тәуіптер мұндай қоңызбен адам емдеп жүргенге ұқсайды. Олар оны емделушіге 1000 теңгеден сатады екен. Емдеу курсын 20 күн деп белгілейтін көрінеді. Яғни 10 күн қолданып, 10 күн үзіліс жасайды, сосын емді тағы да 10 күн жалғастырады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »